Тұрақтылық пен тыныштық — басты байлық

1035
Дереккөз

Тұңғыш Президент, Қазақ­стан халқы Ассамблея­сы­ның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты  Қазақстан халқы Ассам­блеясының XXIX сессиясы өтті. Сессия барысында Елбасы Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойып, тапсырма жүктеді.

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарымыз, елдегі татулықты сақтап тұруда маңызды рөл атқарар Ассамблея жұмысы кеңінен сараланды. Нұрсұлтан Әбішұлы «Осы жылдар ішінде мен әрдайым халықтың татулығын, бақуатты әрі үйле­сімді өмірін, еліміздің қауіпсіздігін, тұрақ­тылық пен тыныштықты басты орынға қойдым. Соғыс, діни және этносаралық қақтығыстар халқымыздың тыныш өміріне қауіп төндірмеуін, біздің байтақ Отанымыз бейбітшіліктің құтты мекені болғанын қаладым. Бүгінде сол арманым орындалды. Оған 1995 жылы менің бастамаммен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының да қосқан үлесі қомақты»,- деп барлық этно­әлеу­меттік топтардың біртұтас Қазақстан қоғамы болып жүйелі бірігуін жалғастыру қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, ал­дағы уақытта мемлекеттік саясат пен ұлт­тық тұтастықтың берік арқауы болуға тиіс бес қағидатқа жеке-жеке тоқталып, еліміздің дамуына ұдайы қолдау көрсете білген Ассамблеяның барлық мүшесіне алғысын білдірді.

Асылсейіт Сламжанов, №12 орта мектеп гимназиясының мұғалімі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK