Шекара күзетіндегі «Екіаша»

9

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Екіаша» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны қырағы күзетіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Бөлімшені аға лейтенант Сәдуақас Райымбек басқарады.

Қызмет барысында шекарашылардың қырағылығының арқасында мемлекеттік шекара режимін бұзу деректері дер кезінде анықталып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен қатар бөлімше жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауыл тұрғындары арасында шекара заңнамасын түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

«Екіаша» шекара бөлімшесінің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді жалғастырып, Мемлекеттік шекараның тыныштығын күзету жолындағы жауапты міндетін адал атқаруда.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз