Жетісу өңірінде қазір 239 егу пункті бар, оның 80-і – жылжымалы. Жылжымалы вакцинация пункттері шалғай елді мекендерде, сауда үйлерінде, қоғамдық орындарда жұмыс істейді. Еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін мобильді бригадалар ұйымдастырылған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты,  деп хабарлайды  облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы соңғы аптада коронавирус жұқтырудың өсу қарқыны өңірде 1,2 процентті құрап отыр. Аурудың өсуі сырқаттармен байланыста болған адамдарды тексеру есебінен анықталуда.

Облыста бүгінге дейін барлығы 20 490 КВИ жағдайы тіркелді. Дегенмен бір апта ішінде инфекциялық бөлімшелерге емдеуге жатқызылғандар санының 1,7 есеге төмендегені байқалды.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационардың жүктемесі 57 процентті, реанимациялық төсек 13 процентті құрайды. Бір тәулік ішінде 195 адам ауруханаға жатқызылса, 203 адам емделіп шықты.

Облыс әкімінің айтуынша, індетпен күрестің басқа да қабылданған шараларымен қатар, алгоритмге сәйкес облыста халықты вакцинациялау ауқымды жүргізілуде.  Қазір 239 егу пункті ашылды, оның 80-і – жылжымалы пункт. Жылжымалы вакцинация пункттері шалғай елді мекендерде, сауда үйлерінде, қоғамдық орындарда жұмыс істейді. Еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін мобильді бригадалар ұйымдастырылған.

Дереккөз                                                                                                                                                            

Бүгінгі күні 147 мың доза вакцина алынды, 129,3 мың адам егілді. Ай соңына дейін вакцинаның қосымша 70 мың дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Барлығы 1,1  млн. адамға вакцина егу жоспарланған.

Вакцинаның пайдасы туралы мамандардың қатысуымен 45 тікелей эфир, 15 брифинг өткізілді. 700 мыңнан астам ақпараттық буклеттер, жадынамалар таратылды. Тәулік бойы Call-орталық жұмыс істейді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK