Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында қоғамдық сананы жаңғырту және құқықтық мәдениетті дәріптеу мақсатында ерекше шара ұйымдастырылды.
Қаланың орталық жағажай аумағында өткен шара аясында «Заң мен Тәртіп» мемлекеттік идеологемасының ресми логотипі бейнеленген ту параплан арқылы 1 километр биіктікке ұшырылды.
Бұл акция қоғамда заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті орнықтыру, азаматтардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы көрнекі жобалардың бірі. Кәсіби парапланшылар туды асқақтата желбіретіп, шараға жиналған мыңдаған қала тұрғындары мен жастардың назарына ұсынды.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, тудың 1000 метр биіктікке көтерілуі әділетті қоғам құру жолындағы мемлекеттік идеологияның асқақтығы мен маңыздылығын айшықтайды.
Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы





























