ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді

1 маусымда елімізде шомылу маусымы басталды. Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.

  Бүгінгі күні еліміздің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 733 орын бар. Еліміздің су айдындарында суға шомылуға болмайтыны және тыйым салынғаны туралы «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгісі  орнатылды. Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу орындары туралы деректер «2GIS» платформасында орналастырылған.

  Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

  ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

  — балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің бақылауынсыз шомылуына жол бермеңіз;

  — бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері қойылған жерлерде шомылмаңыз;

  — мас күйде суға түспеңіз;

  — шомылу аумағын белгілейтін қалқымалардан асып жүзбеңіз;

  — шағын көлемді кемелер мен өзге де жүзу құралдарына жақындамаңыз;

  — тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгімеңіз;

  — жүзуге арналмаған заттармен суда жүзбеңіз.

  — қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи жартастардан, тастардан, қоршаулардан және осы мақсатқа арналмаған өзге де құрылыстардан суға секірмеңіз.

  Осы қарапайым қағидаларды сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз