ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы Қырыққұдық ауылында Алтынкөл (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара тарихи мұраларды сақтау, майдангерлердің ерлігін ұлықтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында ескерткіштер аумағы тазартылып, абаттандыру және жөндеу жұмыстары атқарылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті






















