Алакөлдік шекарашылармен кездесу өтті

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары подполковник Б.Қалиахмет бастаған топ шекара бөлімдері мен бөлімшелерінің жеке құрамымен әскери қызметтің жауапкершілігі тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында әскери тәртіпті сақтау, қызметтік міндеттерді адал орындау және шекара қызметінің маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әскери қызметшілерге кәсіби жауапкершілік пен патриоттық рухты нығайтудың маңызы айтылды.

Кездесу жеке құрамның моральдық-психологиялық дайындығын күшейтуге және әскери қызметке деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз