«Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында шағын футболдан жарыс өтті

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, әскери қызметшілер арасында командалық рухты нығайту және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтау мақсатында өткізілді.

Жарыс барысында қатысушылар тартысты ойын көрсетіп, жоғары дайындық деңгейі мен спорттық шеберліктерін паш етті.

Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз