ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында үш жүзге жуық «Көктем-2026» жас шақырылым сарбаздары Отан алдында әскери Ант қабылдады.
Салтанатты рәсім барысында жас сарбаздар Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, мемлекеттік шекараны қырағылықпен қорғауға және әскери борышын абыроймен орындауға ант берді.
Іс-шараға әскери қызметшілер, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысып, жас шекарашыларға ізгі тілектерін білдірді.
Салтанатты шара жас сарбаздардың әскери өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




















