Өз мәртебеңізді қалай тексеруге болады және кімдерге кейінге қалдыру беріледі: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы толық түсіндірме

Егер сіз оқуда болсаңыз немесе шетелде жүрсеңіз не істеу керек сынды әрбір әскерге шақырылушы білуі тиіс негізгі сұрақтар туралы айтамыз.

Қазіргі шақыру жүйесі мемлекеттік ақпараттық базалармен біріктірілген. Азамат туралы негізгі мәліметтер (білімі, отбасылық жағдайы, жұмыс орны, тіркеуі) көп жағдайда жергілікті әскери басқару органдарына (әскери комиссариаттарға) қосымша құжатсыз-ақ қолжетімді.
Сонымен қатар, өз мәртебеңізді eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы секілді мемлекеттік сервистер арқылы өзіңіз тексерген жөн. Бұл сіздің әскерге шақырылатыныңызды, қолданыстағы кейінге қалдыру бар-жоғын немесе қосымша құжаттар қажет екенін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Кейде оқу орны немесе жұмыс орны деректерді уақытында жібермеген жағдайда, отбасылық жағдай өзгерген кезде мәліметтер дұрыс көрсетілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ақпаратты растау міндеті азаматтың өзіне жүктеледі.
Әскерге шақырудан кейінге қалдыру заңды негіздер бойынша беріледі және уақытша сипатқа ие. Негізгі жағдайлар:
– білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқу кезеңіне;
– денсаулық жағдайы (емдеуді немесе бақылауды қажет ететін аурулар болғанда);
– отбасылық жағдайлар (асырауындағы адамдардың болуы, жақын туыстарға күтім жасау қажеттілігі);
– кәсіби қызмет (азаматтардың жекелеген санаттары үшін).
Кейінге қалдыру тек құжатпен расталған жағдайда ғана күшінде болады.
Әскери қызметтен толық босатылатын азаматтар санаты да бар. Олар:
– медициналық комиссия қорытындысы бойынша денсаулығына байланысты жарамсыз деп танылғандар;
– бұрын әскери қызмет өткерген азаматтар;
– заңнамада көзделген өзге де негіздері бар тұлғалар.
Кейінге қалдырудан айырмашылығы, босату тұрақты сипатқа ие және жыл сайын растауды қажет етпейді.
Елден тыс жерде болу әскери есептен босатпайды. Мұндай жағдайда жергілікті әскери басқару органын (әскери комиссариатты) хабардар етіп, болмау себебін (шетелде оқу, жұмыс істеу) құжатпен растау қажет. Қажет болған жағдайда өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері арқылы жүзеге асырылады.

Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми интернет ресурсы 

Өз мәртебеңізді қалай тексеруге болады және кімдерге кейінге қалдыру беріледі: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы толық түсіндірме

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз