Тарихи әрі жауапты сәт

4

Әрбір мемлекеттің дамуы мен болашағы қоғамдағы маңызды шешімдерге тікелей байланысты. Санаулы күндерден кейін өтетін референдум — еліміздің болашағына бағыт-бағдар беретін, мемлекетіміздің келешегіне ықпал ететін тарихи әрі жауапты сәт. Осындай маңызды кезеңде әрбір азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы ерекше маңызға ие. Сондықтан әрқайсымыз ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ болашағымыз үшін жауапкершілік танытуымыз қажет. Маңызды шешім қабылданатын күні дауыс беруге келіп, өз таңдауымызды жасау әр азаматтың парызы әрі ел алдындағы азаматтық міндеті. Өйткені елдің ертеңі бүгінгі қабылданатын шешімдерге тікелей байланысты. Бірлігімізді, жауапкершілігімізді және белсенді азаматтық ұстанымымызды көрсете отырып, біз мемлекетіміздің тұрақты дамуына және жарқын болашағына үлес қоса аламыз.

Алсу ГАБДРАКИМОВА, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз