ҚазАгроҚаржы айыппұлдарды есептен шығару акциясын жариялайды

«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық Холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ компания клиенттері үшін есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару акциясын іске қосады. Акция қарыз алушылардың барлығына қолданылады.

Акция 2026 жылғы 15 қаңтардан бастап 1 наурызды қоса алғанда қолданыста болады.

Акция шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» қаржы лизингі шарттары бойынша ақшалай міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін есептелген тұрақсыздық айыбының 100%-ын есептен шығарады.

Шараға қатысудың негізгі шарты — қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақыны акцияның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін толық өтеу. Бұл ретте акцияны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде берешекті ішінара төлемдермен өтеуге мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ міндеттемелері бойынша бұрын сот шешімдері шығарылған клиенттерге де, олар сот шешімі бойынша берешек сомасын толық өтеген жағдайда қолданылады (акция шеңберінде есептен шығаруға жататын өсімпұлды қоспағанда).

Акцияға қатысу үшін қарыз алушылар өзіне қызмет көрсететін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына өтінішпен жүгінуі қажет.

Филиалдардың байланыс телефондары мен мекенжайлары www.kaf.kz сайтында көрсетілген.

Call-орталығы: +7 (7172) 557-755, 9077, 1408.

Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты

ҚазАгроҚаржы айыппұлдарды есептен шығару акциясын жариялайды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз