Тасымалдарды бақылау үшін навигациялық пломбаларды енгізу

5

2021 жылғы 19 сәуірде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды, аталған Келісім Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211-VII ЗРК Заңымен ратификацияланды.

Жалпы алғанда, Келісім ЕАЭО-ға мүше екі немесе одан да көп мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды тасымалдау кезінде оларды навигациялық пломбаларды қолдану арқылы қадағалау тәртібін регламенттейді.

Келісім нормаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізілді, бақылаушы органдардың ақпараттық жүйелері жаңғыртылды, сондай-ақ автомобиль және теміржол көлігінде жүргізілген пилоттық жобалар аясында навигациялық пломбаларды қолдану бойынша өзара іс-қимыл пысықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 731 «Ұлттық операторды айқындау туралы» қаулысына сәйкес тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы ретінде «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Ұлттық оператор) айқындалды, ол Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарымен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті операторларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті.

Ұлттық оператор бірқатар пилоттық жобалар шеңберінде сынақтан өткізілген тасымалдарды электрондық түрде қадағалаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (тасымалдарды электрондық түрде қадағалаудың «Транзит» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) әзірледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тасымалдарды қадағалау жөніндегі қызметтерді тұтынушыға (тапсырыс берушіге) арналған «жеке кабинет» қарастырылған, ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тасымалдарды қадағалауға бүкіл қозғалыс маршруты бойында тартылған ұлттық операторларының қызметтеріне ақы төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді (бұдан әрі – Одақ).

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті ұлттық операторларының ақпараттық жүйелері арасындағы интеграциялық іс-шаралар аяқталды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 84 «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі Келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалауды енгізу туралы» шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап екі немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау енгізіледі.

Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау кезең-кезеңімен автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты, кедендік транзит және экспорт кедендік рәсімдері шеңберінде, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы аясында енгізілетін болады.

Навигациялық пломбаларды қолдану кезеңдері.

1-кезең (2026 жылғы 11 ақпаннан бастап):

транзиттік тауарлар:

автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі;

автомобиль көлігімен – киім, аяқ киім, электроника;

экспорттық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тасымалданатын тауарлар:

автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі.

2-кезең (180 күн өткеннен кейін):

транзиттік тауарлар:

автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі, киім, аяқ киім, электроника;

автомобиль көлігімен тасымалданатын – кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын өзге тауарлар (алып қоюға жататын тауарларды қоспағанда);

экспорттық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тасымалданатын тауарлар:

автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі.

3-кезең (480 күн өткеннен кейін):

транзиттік тауарлар:

автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі, киім, аяқ киім, электроника, сондай-ақ кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын өзге тауарлар (алып қоюға жататын тауарларды қоспағанда);

экспорттық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тасымалданатын тауарлар:

автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі.

Навигациялық пломбаларды енгізуге байланысты нарық қатысушылары үшін артықшылықтар:

навигациялық пломбаларды қолдану кедендік және өзге де бақылаушы қызметтер тарапынан жүргізілетін артық тексерулер мен қосымша бақылау шараларын барынша азайтуға мүмкіндік береді;

жүктің бүкіл қозғалыс бағыты бойында рұқсатсыз ашылуынан қорғалуына кепілдік береді;

Ұлттық оператордың ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинет» арқылы процесті басқаруды қамтамасыз етеді, соның ішінде Одаққа мүше барлық елдердің операторлары көрсететін қызметтер үшін бірыңғай төлем жүргізу мүмкіндігін қамтиды.

Мемлекет үшін навигациялық пломбаларды енгізу «көлеңкелі» экономикамен күрестің тиімді құралы болып табылады, «жалған транзит» және «жалған экспорт» схемаларын болдырмауға, адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел бюджетіне салық түсімдерінің тұрақты түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бизнес өкілдерінің, оның ішінде тасымалдаушылардың, экспедиторлардың және тасымалдау процестеріне қатысатын өзге де тұлғалардың назарын логистикалық процестердің үздіксіздігін және тасымалдау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау қажеттілігіне аударамыз.

 

1 Ұлттық оператор-байланыс деректері::

Call-центр:

тел: +7 708 297 6132; +7 777 110 5985;

тел: +7(727)3903488 (вн 331); (727)2217795 (вн 331).

Пошта:

Info@istt.kz; mail.istt.kz/SOGo; transit@istt.kz;

Тел для связи:

+7-708-945-67-32 Ещанов Ғарышбек;

+7-775-285-54-77 Кальтиева Диляра.

 

 

2 Санкциялық тауарлар-бұл одаққа мүше мемлекеттердің бірі арнайы экономикалық шараларды енгізген тауарлар.

Анықтама: бүгінгі күні арнайы экономикалық шаралар тек Ресей Федерациясында енгізілді, тауарлардың тізімі Ресей Федерациясы Үкіметінің 7.08.2014 ж. №778 қаулысымен белгіленді 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз