Алакөлде «Әскер – ата-аналар көзімен» шарасы өтті

29

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2025» шақырылымы сарбаздарының ата-аналарын әскери ұжыммен таныстыру мақсатында «Әскер – ата-аналар көзімен» атты шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ата-аналарға сарбаздардың күнделікті қызметі, тұрмыстық жағдайы, оқу-жаттығу барысы таныстырылып, әскери бөлімнің инфрақұрылымы мен тәртібі көрсетілді. Мұндай кездесулер ата-аналардың сенімін арттырып, әскери қызметтің ашықтығын көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз