Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа арналған екінші жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

«Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен өзімнің екінші жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын», — деді Мемлекет басшысы.

 Қасым-Жомарт Тоқаев экономикасы шикізаттық сипатқа ие Қазақстан үшін дағдарыс өте қауіпті екенін айтты. Ол елге дамудың жаңа бағдары қажет деп санайды. «Күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға ақша мен күш жұмсауға қақымыз жоқ. Ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында құрылымды реформалар жүргізетін кез келді», — деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK