Балалардың аулада ойнауына рұқсат беріле ме?

1529

5 шілдеден бастап елімізде шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін балалардың аулада ойнауына бола ма? Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді.

«Қаулыда балалардың аулаға шығуына тыйым салу көзделмеген. Дегенмен, біз кәмелетке толмаған балалар көшеде, аулада ересектермен бірге ғана жүруге, сонымен қатар кез келген байланыстан барынша аулақ болуға кеңес береміз. Яғни, біздің кеңесіміз балалар аулада ойнаған кезде бір отбасының мүшелері шегінде ғана жүргені дұрыс. Өзге балалармен байланыста болмауға тырысу қажет. Өйткені, аурудың біреуден біреуге таралуы жүріп жатыр», — деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK