ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2025» шақырылымындағы әскери қызметшілерге салтанатты түрде қару табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында сарбаздарға жеке қарулары беріліп, қаруды қолдану тәртібі мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Бұл — олардың әскери қызметтегі жауапкершілігі артып, жауынгерлік дайындыққа ресми түрде кіріскенінің маңызды кезеңі болып саналады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























