ТАҒАЙЫНДАУ
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Нұржан Жанайдарұлы Егінбаев Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Нұржан Жанайдарұлы ЕГІНБАЕВ
1975 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті бітірген, мамандығы — экономист, заңгер.
Еңбек жолын Талдықорған қаласындағы «Тірек» ЖШС-да экономист болып бастады. Біршама уақыт Ішкі істер органдарында қызмет етті.
Әр жылдарда Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Орталық сайлау комиссиясының консультанты, заң бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі, Астана қаласының Әділет департаменті бастығының орынбасары, Алматы қалалық Әділет департаментінің бастығы, Ақтөбе облыстық Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Астана қаласында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде бөлімнің сектор меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінде департамент директорының орынбасары, Жамбыл облыстық Әділет департаментінің басшысы, Талдықорған қаласында «Шаңырақ» ЖШС директоры, Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды.
2025 жылдың шілдесінен Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі болды.





























