ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың жас мамандарын Жас саяси кеңесшілерге арналған қарқынды білім беру курсына (YPAC 2025) қатысуға шақырады.
Курс келесі бағыттар бойынша негізгі кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған:
• мемлекеттік саясатты талдау және әзірлеу;
• стратегиялық және аналитикалық жоспарлау;
• аналитикалық материалдар мен брифингтерді дайындау;
• стратегиялық коммуникациялар, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөздер жүргізу.
Бағдарлама интерактивті оқыту әдістеріне негізделген және нақты мемлекеттік басқару тәжірибесіне жақын жағдайлар бойынша практикалық жаттығуларды, топтық симуляцияларды және кейстерді қамтиды.
Мақсатты аудитория
Курсқа 35 жасқа дейінгі қатысушылар қабылданады: ерте және орта мансап кезеңіндегі мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ зерттеу және талдау орталықтарының (think tanks) өкілдері. Барлығы 25 қатысушы іріктеледі.
Курстың ақысы
Курсқа қатысу тегін. Оқу материалдары, сондай-ақ өзге қалалардан келетін қатысушылардың жолақысы мен тұру шығындары ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі есебінен өтеледі.
Курстың өтетін орны мен оқыту тілі
Курс Астана қаласында 5–7 желтоқсан (жұма–жексенбі) аралығында өтеді. Оқу орыс тілінде жүргізіледі. Конкурстан өткен үміткерлер үш күн бойы толық қатысуы тиіс. Осыған байланысты, Офис 5 (және қажет болған жағдайда 6-7) желтоқсанда қызметтік міндеттерден уақытша босату үшін ресми шақыру хатын ұсына алады.
Өтінім беру
Қатысушыларды іріктеу ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисіне түскен өтінімдер
негізінде жүргізіледі. Үміткердің кәсіби тәжірибесі мен қатысуға мотивациясына ерекше назар аударылады.
Жіберу мерзімі
Курсқа қатысу үшін келесі сілтеме арқылы сауалнаманы толтыру қажет:
https://forms.gle/AnFPUXHQS2Q71oeg6
Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі — 14 қараша, сағат 23:59 (Астана уақытымен).
Ұйымдастырушылар тек іріктеуден өткен үміткерлермен ғана байланысқа шығады!
Офис гендерлік теңдікті ілгерілету мақсатында әйелдер мен ер адамдардың тең дәрежеде қатысуын қолдайды.
Сұрақтар бойынша байланыстар:
Бағдарлама немесе өтінім беру үрдісі туралы сұрақтарыңыз болса, бізге келесі электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: ypac-poia@osce.org





























