http://taldykorgan-online.kz

Талдықорғандық жас домбырашылар Чехия астанасы Прагада өткен өнер бәйгесінен бас жүлдемен оралды. Осымен 10-шы мәрте ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер арасындағы фестивальге Жетісудың бас қаласынан 9 өнерлі өрен қатысқан болатын.

«Ата толғау» және «Көшбасшы» күйлерін орындаған «Мұрагер» ансамблі осылайша қазақтың күй өнерін Еуропа төрінде мойындатып қайтты. Сонымен қатар, бірнеше күйші жеке орындаушылық бағыты бойынша да жүлделі орындарға қол жеткізді. Жүлдегерлерді Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев қабылдап, құрмет көрсетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK