Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың қарауына елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын енгізді.
«Базалық нұсқаға сәйкес, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,4%-ды, 3 жылдағы орташа жылдық өсуі 5,3%-ды құрайды. Номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсудің есебінен қамтамасыз етіледі»,
— деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.





























