Ғарыш әлемі

69

Он сегіз мың ғалам дегеніміз – бүкіл дүние жүзі, бізді қоршаған орта, ғарыш әлемі. Төбемізде аспан, онда мыңдаған жұлдыздар, 8 ғаламшарлар мен галактикалар орын тепкен. Олардың ішіндегі ең жарық планеталар – күндіз Күн, түнде Ай бізге өз сәулесін түсіріп тұр.

 

Астронавттар — әлемдегі ең ерекше мамандықтың иелері. Біздің білуімізше, жер отбитасынан ғарышқа көтерілген алғашқы адам – Юрий Гагарин. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері. Ғарышты көзімен көрген әлемдегі тұңғыш әйел – Валентина Терешкова. Сонымен қатар жануарлар да ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болған. Ең алғашқы ұшырылған жәндіктерге жеміс шіркейлері жатады. Кейін Альберт I,II және IV – ғарышқа ұшырылған макака маймылдар. Йорик – ғарышқа ұшыру кезінде тірі қалған ең бірінші маймыл. Эйбл және Бәйкер – ғарыш снаряды бортындағы биокапсулада ұшырылған екі маймыл. Хэм астрономиялық шимпанзе ғарышқа ұшырылған бірінші адам тәрізді маймыл. Сәм мен Сэм ханшайым маймылдары ғарышқа ұшты. Лайка иті – орбитаға жеткен ең бірінші жануар.
Алайда ғарышта өмір сүріп, жұмыс істеу оңай емес, ол — үлкен тәуекелге бел буу. Ғарышта 1 күнде 16 рет таң атады. Ғарышта ешқандай ауа да, қысым да жоқ. Ол өте суық және қауіпті радиацияларға толы. Егер де ғарышкер ғарыш кемесінен өзінің ғарыш костюмінсіз шығатын болса, ол бірден сол жерде өліп кетеді. Ғарыш костюмі (скафандр) ғарышкерді ғарыштағы қатты суық ортадан, зиянды радиациядан қорғап қана қоймай, олардың экстремалды температуралар мен қысымдарда тірі қалуына көмектеседі. Ғарышкерлер өздеріне физикалық және психологиялық жағынан зиян келтіруі мүмкін, салмақсыздық жағдайында ғарышкерлердің көпшілігі буын ауруларына шалдығады, оларда клаустрофобия дамып, үйін сағынғандықтан, құлазу әсері күшейеді.
Ғарыш – қанша зерттелгенімен әлі де жұмбақ әлемі десек болады. Ғарыш әлемін зерттеу көп мүмкіндік әкелері сөзсіз. Мысалы, болашақта ғалымдар ғарыштағы Күн энергиясын пайдаланудың себептерін іздейтін болар. Менің ойымша, ғарыш әлемін игеру үшін:
1) Үлкен класстер орталығын құру керек;
2) Ғарышты игеру орталықтарына ақшаны аямай құю керек;
3) Мықты инженерлер дайындайтын мектеп ашып, оған тәжірибесімен бөлісетін мықты ғарышкерлерді сайлау тиіс;
4) Жастардың патриоттық сезімін ояту үшін ғарышкерлер жайында фильм түсірген жөн.

Сабыр Ермұхамед Ерікұлы, №28 IT мектеп-лицейінің 4 «В» сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз