ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Арасан» шекара бөлімшесінде психолог маманы А. Тұрғамбаева жеке құраммен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға арналған сұхбат өткізді.
Іс-шара барысында әскери тәртіпті сақтау, өз мінез-құлқын бақылау және ұжымдағы өзара түсіністік пен жауапкершілік тақырыптары талқыланды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























