ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті.
Шара барысында Жаркент қалалық мешітінің имамы А.Ширбеков және бөлім офицері, капитан Б.Исмагулов діннің теріс ағымдары мен олардың зияны туралы түсіндірме әңгіме жүргізді. Кездесу барысында әскери қызметшілердің діни сауаттылығын арттыру және радикалды идеологияның алдын алу мәселелері талқыланды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























