Жетісу облысында квазимемлекеттік сектор субъектілер тарапынан жіберілген монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегі жойылды

181

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан бәсекелестік заңнамасының бұзылуы анықтады.

Белгілі болғандай, кейбір субъектілердің жарғыларында монополияға қарсы органмен міндетті келісуден өтпеген қызмет түрлері көзделген, бұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының талаптарына қайшы келеді.

Мәселені қарау нәтижесінде Департамент заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарды, бүгінгі күні олар толық көлемде орындалды.

Анықтама үшін: акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 % астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың қызмет түрлерін кеңейту немесе өзгерту тек бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз