Қазақстанның ТЖМ жылыту маусымы қарсаңында өрттердің алдын алу шараларын күшейтуде

Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту маусымының алдында өрттің алдын алу бойынша белсенді жұмыстарын жалғастыруда. Өрт қауіпсіздігі акциясы аясында өрттің алдын алу және тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде. Көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға және басқа да әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылады.

Профилактикалық іс-шаралар аясында ТЖМ қызметкерлері аула аралап, рейдтер жүргізіп, тұрғындармен әңгімелесіп, нұсқаулықтар береді. Осы жұмыстар отынмен жылыту жүйелері мен электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау қажеттігін тұрғындарға түсіндіруге бағытталған. Әсіресе қосымша қолдауды қажет ететін азаматтар тұратын үйлерде өрттің алдын алу үшін жүйелі түрде жүргізілуде.

 Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:

  — жарамды пештер мен электр аспаптарын ғана пайдаланыңыз;

  — пештің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;

  — мұржаны уақтылы күйеден тазартыңыз;

  — пештің және электр аспаптарының ақауларын үнемі тексеріп отырыңыз;

  — пеш жағуды балаларға тапсырмаңыз;

  — жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

Қазақстанның ТЖМ жылыту маусымы қарсаңында өрттердің алдын алу шараларын күшейтуде

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз