Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

171

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 

Ширек финалда ол чехиялық теннисші Далибор Сврчинаны жеңді.

Кездесу 6:1, 6:1 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Ву Ибинмен кездеседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз