
Талдықорған қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Депутаттар қалалық полиция басқармасының басшысы Ернар Ширбаевпен және басқарма қызметкерлерімен кездесті. Ернар Мырзахметұлы өткен 8 айдың қорытындысы бойынша ақпарат ұсынып, қоғамдық қауіпсіздік, соның ішінде балалардың жолдағы қауіпсіздігі және өзге де мәселелерді қамтыды. Сондай-ақ Еркін және Өтенай ауылдық округтерінің әкімдерінің жұмысы туралы мәселе қаралды.





























