Монополияға қарсы заңнама бұзушылықтары «Корпорация «Жетысугаз» акционерлік қоғамының қызметінде анықталды

284
Statue of lady justice on desk of a judge or lawyer.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Корпорация «Жетысугаз» акционерлік қоғамының қызметіне қатысты өтінішті қарады.

Өтінішті қарау нәтижесінде, аталған корпорацияның қызметінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу белгілері анықталды. Атап айтқанда, корпорация сұйытылған мұнай газын баллонмен өткізу барысында тұтынушылар тобына байланысты әртүрлі бағаны қолданғаны белгілі болды.

Анықталған заң бұзушылықтар негізінде Департамент тарапынан «Корпорация «Жетысугаз» акционерлік қоғамына тиісті хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта бұл хабарлама толық көлемде орындалды және баллондағы сұйытылған мұнай газы барлық тұтынушыларға бірдей бағада сатылуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз