ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Әйелдер кеңесі «Қорғас» шекара бөлімшесінде болып, мерзімді әскери қызметшілермен кездесу өткізді. Кеңес мүшелері сарбаздардың қал-жағдайын біліп, қызмет барысымен танысты. Жас жауынгерлерге рухани қолдау көрсетіліп, жылы лебіздер мен ақ тілектер жолданды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті





























