Қазақстан Ресупбликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан:заң мен тәртіп,экономикалық өсім,қоғамдық оптимизм»атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында автокөлік жолдарының жай-күйі-өзекті мәселе екеніне баса назар аударған болатын. «Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып,жөнделіп жатыр.Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған.Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань,Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор»,-дей келе бағдарламаның ауқымын кеңейтіп,оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырған болатын. Жыл қорытындысында, елімізде 2024 жылы жол-құрылыс жұмыстары Президент тапсырмасы бойынша 100% орындалғаны көңілге қуаныш ұялатады.Республикалық желіні салу және қайта жаңғырту -3,1 мың км,республикалық жолдарға күрделі және орташа жөндеу -4,9 мың км,жергілікті желіні жөндеу бойынша-4,2 мың км қамтылып отыр. Құрылыс және реконструкциялау аясында 2 192 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары аяқталса, оның ішінде Талдықорған-Өскемен жолының 764 км қамтылған.Бір жылдың ішінде осындай үлкен жетістіктерге жетіп отырғанымыз қажырлы еңбек пен бірліктің арқасында деп түсінемін.
Елена Радионова, «Қос қанат» ҚҚ жетекшісі