Елімізде газ секторы ішкі нарықты табиғи газбен қамтамасыз ете отырып белсенді дамуын жалғастыруда. Оған бірден бір дәлел өңіріміз Жетісу облысында газдандыру деңгейі биыл 56,5%-ға жетті. Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекеннің 63-і газдандырылды, оның ішінде жыл басынан бері 30 елді мекен газға қол жеткізді. Соның арқасында газдандыру деңгейі 56,5% — ға жетті, көгілдір отынға 394,9 мың тұрғын қол жеткізді. 2025 жылы 21 нысанның құрылысы жалғасады және тағы 42 нысанның құрылысы басталуы күтілуде. 2025 жылдың соңына қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық 126 елді мекен газдандыру жоспарлануда. Нәтижесінде газға 500 мыңнан астам тұрғын немесе жалпы халықтың 71,4% — ы қол жеткізе алады.
Нұршанова Гүлжанат Мырзалықызы,
«Талдықорған» республикалық газетінің бас редакторы