ЕАЭО шекарасы арқылы валюта тасымалдау ережелері: хабардар болыңыз!

26

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Республика кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2024 жылғы 5 қыркүйектен бастап айыппұл санкцияларын ұлғайту және ақша қаражатын тәркілеу бөлігінде шетел валютасын заңсыз өткізгені үшін жауапкершілік күшейтілді.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес 10 000 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады.
Жеке тұлғалар кедендік декларациясыз жалпы сомасы он мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын қолма-қол шетел және ұлттық валюта мен жол чектерін әкелуге немесе әкетуге құқылы.
Баламасы 10 000 мың АҚШ долларынан асатын сома міндетті кедендік декларациялауға жатады.
Өзгеріс енгізілген сәттен бастап Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сотқа 24 әкімшілік материал жіберді.
18 материалды қарау қорытындысы бойынша сот 8 073 586 теңге сомасында айыппұл салды, 65 229 АҚШ доллары және 9129 юань ҚХР тәркіленді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексімен ақша қаражатын тасымалдаудың көрсетілген нормаларын бұзғаны үшін 551-баптың 3-бөлігі бойынша қолма-қол ақша қаражатының декларацияланбаған не дұрыс декларацияланбаған сомасының және (немесе) декларацияланбаған не дұрыс декларацияланбаған ақша қаражаттары мен ақша құралдарының тәркіленуімен ақша құралдарының құнының 25% мөлшерінде жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз