Алматы облыстық Дін істері басқармасы-облыс аумағында діни қызмет пен қатынастар саласын реттеумен қатар халықтың діни сауатын көтеру, өскелең ұрпаққа дұрыс жол сілтеу бағытында қыруар істер атқаруда. Жуырда аталмыш басқарманың дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Қанат Мүтебаевпен жүздесіп,
бірқатар маңызды мәселелерге қатысты пікірін білген едік.

– Қанат Маратұлы, «экстремизм», «терроризм» сынды адамзатқа қарсы лаңкестік əрекеттерді неге исламға телиді? Кейбір жастарымыздың шетелдік уағызшылардың үгіт-насихатына əлі де еріп кетуінің себебі неде деп ойлайсыз?
— Пайғамбарымыз хадисінде:«Сендер жақсы сөз айтыңдар, не болмаса үндемеңдер. Себебі, сендердің əр айтқан сөзіңді періште «Əмин!» деп отырады» дейді. Кезінде əжелеріміздің өзі ұрысқанда қалай ұрсушы еді?
«Өй, жолың болғыр!», «Көктегір!»,«Тұқымың өскір!» деп ұрсатын еді.
Неге? Өйткені, қабыл болатынын білген. Біз қазір жерден жеті қоян
тапқандай, сенсация жасағымыз келеді де, жаманшылықты жария-
лап, жарнамалаймыз да, осымызбен жат пиғылды күштерге күш-қуат
береміз. Мəселен, батыста қаншама мемлекет мұсылманның əрбір
ісін, парыз-амалдарын жек көреді. Исламды неғұрлым жоқ қылғысы
келеді. 2011 жылы, естеріңізде болса, Америкада жарылыс болып, екі
көпқабатты үй құлады. Мəселен, кетіп бара жатқан біреуге «Əй!»
десеңіз немесе ысқырып қалсаңыз, ол адам жалт қарайды. Сол
сияқты, олар жарылыс жасадыда, оны жасаған мұсылмандар,
террористер, экстремистер дегенеді, адамдарда сол нəрсені білсек
деген қызығушылық оянып, əркім оны өзінше зерттеуге кірісті. «Олар
кімдер?» деген тексеру пайда болды. Аяғында жоямыз деген нəрсе,
керісінше, бір Германияның өзінде 500 шіркеу жабылып, мешіттер
көбейді. Америка, Франция, Англияда ислам дінін қабылдаушылар
қатары өсіп кетті. Дей тұрғанмен,«терроризм», «экстремизм» сөз
тіркесін ислам сөзінің артына жапсырып қойдық. Қазір «христианский
терроризм», «буддииский терроризм» деген сөз еш жерде айтыл-
майды. Мысалы, Жаңа Зеландияда мұсылмандарды мешіттің ішіне
кіріп тұрып, қырып тастады. Мұны «христианский терроризм» деп
айтқан біреу бар ма? Мьяньмада болған жағдайды алсаңыз да,
дəл солай. Мұсылмандарға адам төзгісіз зəбір көрсетті. Оны «буд-
да терроризмі» деп айтқан біреу бар ма? Жоқ. Неге сонда терро-
ризм, экстремизм сөзін исламға апарып жалғап жатыр? Ал, ис-
лам біреуді қорқытып, үркітуге, болмаса, белгіленген шекарадан
ауытқуға рұқсат ете ме? Мүлдем етпейді. Алла Тағала қасиетті Құран
Кəрімде былай деп айтады: «Алла жəне оның елшісі Пайғамбарымыз
исламнан бір кесім айтқан болса, мұсылман еркек немесе əйел оны
өз қалауына бұрмалауға һақысы жоқ» деген аят бар. Яғни, ол – ше-
кара. Осы белгіленген шекарадан біле тұра шыққан адамды Құранда
«һарам» деп қойған нəрселер бар. Мысалы, арақ ішуді, пұтқа табы-
нуды, біреудің қанын төгуді, өтірік айтуды «Һарам» дейді. Яғни,
мұның бəрін біле тұра шекарадан шыққан адамды «күнəхар» дейді.
Мойындамаған адамды «діннен шықты» дейді. Ислам діні адамға
шекарадан ауытқуды бұйырмайды. Терроризм, экстремизм дегеннің
еш уақытта діні болуы мүмкін емес. Оны дінге жапсыру былай
тұрсын, мысалға экстремизм сөзінің мағынасын алсаңыз, белгілен-
ген бір шекарадан ауытқу дегенді білдіреді. Біз оны дінге ғана
əкеліп жапсырып қоямыз. Басқа жағдайларын неге алып қарамасқа?
Мысалы америкалық тəсіл бар.
Əке, ана баласына ұрса алмайды. Ұратын болса, баласының заң
орнына жүгінуіне болады. Сонда біздің əу бастағы бабадан келе
жатқан баланы тəрбиелеу не болмаса жазалау үлгісі қайда қалды?
Адамда жаратылыстан «мен»,«менікі» деген ұғым бірінші пайда
болады. Адамның ең бірінші дамитын түсінігі – «менікі» деген нəрсе.
Бала «мынау менікі» деп айтады.«Біздікі» дегенді айтпайды. Тіптен
өзіміз де, мысалы 20-30 немесе 40 адам болып суретке түстік делік,
шығарып берсе, ең бірінші соның ішінен əуелі өзіңізді іздейсіз. Содан
кейін барып маңайыңызға қарай бастайсыз. Бұл «мен», «менікі»
деген ұғым «біз», «біздікі» болып өзгермейінше, адамдарда осы тар
түсінік дендеп, оны ашу мүмкін емес болып қалады. Біз – қазақтар
кезінде көпбалалы отбасында өстік. Қазіргі кезде бір үйде бір не-
месе екі баладан. Оның менмендігі отбасынан қалыптасып қалды. Ол
кейін қоғамда биік бір мансапқа ие болып, қоғамды басқаратындай
халге келген кезде де осы түсінік қоғамға кері əсер етіп жатады. Экс-
тремизм, терроризм сөзіне діни тұрғыдан ғана жабысып қалдық,
«исламдық терроризм», «исламдық экстремизм» деп. Қоғамда мек-
теп оқушыларының мұғалімін тыңдамай, оған қарсы шығуы,
жас қыздардың балаларын туа сала дəретханаға, қоқысқа тастап
кетуі сынды оқиғалар кездеседі. Бұл – экстремизм, терроризмге
жатпай ма? Бұл да жатады ғой.Себебі, олар қалыптасқан шека-
радан ауытқып кетті. Неге біз бір бағытта ғана қарап қалдық? Адам-
дарда «Дін — апиын» деген кеңес үкіметінің кері саясаты əлі күнге
дейін миында қалып қалған. Құран бір қылыш сияқты, дінге кірген адам
«салафит, вахабист» болып кететін сияқты түсініктер тұр. Бірақ, сол
бала — біздің қасымызда, отбасымызда мəңгі отырмайды ғой. Ертең
ол жоғары оқу орнына түсуі, үлкен қалаларда тұруы, тіптен, шет елде
оқуы мүмкін. Оның қасында ата-анасы, мұғалімі жоқ. Ол жерде,
яғни бір жатақханада пұтқа табынушы немесе басқа діннің, неше түрлі
ағымдардың өкілдері болуы мүмкін. Жалғыз өмір сүру – құдайға ғана
жарасқан нəрсе. Адам міндетті түрде дос табады. Соның ішінде
табиғаты жақын болған біреуді міндетті түрде дос тұтады. Оның
діни сеніміне, түріне, ұлтына қарамайды. Кімге табиғаты жақын, соны қалайды. Абай атамызадамға үш түрлі адамнан қасиетжұғады. Біріншісі — отбасындағы тəрбиесінен, ата-анасынан, екіншісі — маңайындағы құрбы-құрдастарынан, үшіншісі-ұстазынан дейді. Ішінде қайсысын жақсы көрсе,
содан көбірек жұғады дейді. Бізде кімді көбірек ұстаз тұтады?
Телеарнаға шыққан жұлдыз санаушыларды т.б. Жарайды, олар өзінің
бас пайдасы үшін істеп жатқаны шығар. Ал олардан қоғамға қандай
пайда? Соған ілесеміз деген қаншама жастарымыз қайда кетіп
жатыр? Бұл да экстремизм, қарап отырсаңыз. Өйткені, əу бастағы
бағыттан ауытқып барады. Абай атамыз: сен өзің үшін еңбек қылсаң,
өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың — дейді. Өзі үшін шөп же-
ген, өзі үшін жайылған хайуанның бірісің дейді. Адамдықтың қарызы
үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың — дейді.
Міне, қарап отырсаңыз, жастарымызды ата-анадан, мұғалімнен
көбірек ғаламтор тəрбиелеп жатыр. Біз бұдан құтылмаймыз
еш уақытта. Ал, ғаламтордың ішінде жақсы кеңестермен қатар
жамандықтың небір қитұрқы түрлері бар. Бұл да – экстремизм. Неге
осы нəрселерден бастап тыйым салмасқа? Əлбетте, тыйым сала
алмаспыз. Бірақ, бала тəрбиесі жалпыға ортақ нəрсе екенін есте
ұстауымыз қажет. Біз балаларға көбінесе үлкендердің түсінігімен
қараймыз. Өзіміздің санамызға жеткен нəрсені балаларымыздың да
санасына құйып қойғанбыз. Олар ол нəрсені қабылдай алмайды. Біз
осы жағынан қарауымыз керек деп ойлаймын.
Дұрыс айтасыз. Бірақ, қоғам болған соң, арамызда дін жолын қалаған балалар бар. Отбасынан, ұстазынан дұрыс тəрбие алған бала əрі қарайғы жолын қалай таңдайды? Жақсыны жаманнан қалай ажыратады?
— Бізде жастарды кінəлау деген нəрсе қазір қалыпты жағдайға айналып бара жатыр. Қазіргі жастар бұзық, заманға сай т.б жала жаба
береміз. Бірақ, қарап отырсаңыз, дін біздің анау ата-бабамыздан
келе жатқан дəстүрімізде бар. Салтдəстүріміздің түбі исламға апарып
тірейді. Дей тұрғанмен, ортамызда орысша өскен отбасылар бар.
Орысша білім алды. т.б. Дінге келген кезде олар өздері де мойындай-
ды. «Біз орысша өстік қой, кеңес үкіметі кезінде білім алған адамдар-
мыз, Құдай жоқ деген қоғамда өстік, мені не қыласың» — деген сияқты
нəрселер шығады. Өзі мойындап тұр ғой. Сол мойындап тұрған адамның
отбасында азан шақырып ат қою, тұсау кесу, баланың тілашарын
жасау деген жоқ. Осының түбі исламға əкеп тіреп тұрғанын олар
білмейді. Енді осы орысша отбасынан тəрбие алған бала жиырмаға,
отызға келеді де дінді қабылдауға талпыныс жасайды. Бір адамнан
дін деген — мынау дегенді естиді. Ол отбасынан ондай қазақи тəрбиені
көрмеді, сосын ойлайды — қоғамда мен де осылармен бірге өскенмін,
менің отбасымда болмаған нəрсе бəрінде де жоқ деген түсінік пай-
да болды. Көрдіңіз бе? Менде жоқ, демек мыналардың бəрінде жоқ.
Мен түсінбедім, мыналардың бəрі түсінбейді. Дін деген — ол емес, дін
деген — мынау. Анау ширк, анау харам, анау мəкрүк,- деген нəрселерді
өзінің алдына үлкен бір тосқауыл етіп қойып алды. Адам алдына сондай үлкен тосқауыл қойып алғаннан кейін оның ойлау деңгейі одан əріге шықпайды, шыға алмайды қанша ойласа да. Мынау күнə,мынау тозақ деген нəрсені алдына сарт еткізіп қойып тастағаннан кейін
адамның ойлау деңгейі одан əрі қарай бара ма? Мысалы, баланы
отбасында жүрген кезде «егер де мынаны істейтін болсаң, аяғыңды
шағам» деп қоятын болсаң, бала сол нəрсені істемейді. Бірақ, соның
жанындағы басқа нəрсені істей береді. Əкесі тыйым салған нəрсені
істемейді. Мына діндегі нəрсе деосы сияқты. Пайғамбарымыз (с.а.у)
өзінің хадисінде былай дейді:«Сендер дінді ауырлатпаңдар-
жеңілдетіңдер. Қорқытпаңдар сүйіншілеңдер!»,- дейді. Қараңыз-
шы, қандай керемет! Аллаһ Құранда: «Сендер жақсы сөз
сөйлеңдер. Жақсы сөз діңінде берік тұрған, мəуелеп, үнемі жеміс
беретін ағаш тəрізді. Жаман сөздіңінде тұра алмайтын қураған ағаш тəрізді»- дейді. Сондықтан да Ислам діні — жақсы сөз айтуға, кең ауқымда ойлауға үйрететін дін. Мысалы, Пайғамбарымыз (с.а.у) ең алғаш Пайғамбар болған кезден адамдардың бірінші санасымен күресті. Себебі, ол уақытта қоғам түсінігі — кімнің көп баласы бар,сол басшы болуы керек. Əйелдердің құқығын таптау, иə болмаса, əлді əлсіздерді өзінің үкімімен жүргізу деген сияқты нəрсе белең алып тұрды ғой. Пайғамбарымыз ең əуелі адамдардың санасымен жұмыс жасап, «Олай емес, Алланың ал-
дында ақтың-қарадан, қараның ақтан, арабтың-араб еместен, араб еместің-арабтан ешқандай артықшылығы жоқ. Оның артықшылығы бір-ақ нəрседе — тақуалығында. Яғни, жақсы бір-біріне құрметінде, сыйластығында» деп, бірінші олардың санасын оятты. Санасы оянғаннан кейін, қарасаңыз, Құранда ең алғашқы аят түсті. Онда «Оқы! Жаратқан
раббыңның атымен оқы!» дейді. Адам оқымайынша, оның биік ойлаған мақсаты да ақсап тұратыны белгілі. Пайғамбарымыз оқуға шақырды. Ол заманда Қағбаның ішінде 360-тан астам пұт тұрды. Əр күннің өзінің бір-бір пұты бар еді. Пайғамбарымыз айтты: «Əй сенің 360 бастығың болса қалай
болар еді? 360-ты тыңдай берсе, адам қай жаққа барады? Бір ғана
бастығы болса қандай! Жұмысы өнеді. Алдыға басады. Қоғам дами-
ды. Олай болса, мынаның барлығы– бекершілік. Бір-ақ қана Құдай
бар. Құдай-жалғыз!» деген сенімге əкелді. Көрдіңіз бе? Алдымен
адамдардың санасын оятты.Пайғамбарымыз бірінші намазды
айтпады. Оразаны айтпады. Зекет, қажылық дегенді айтпады. Ең
бірінші, адамдардың санасын оятты. Əбден санасы оянғаннан кейін
барып иманға келген кезде, енді сендерге намаз-парыз деп айтты.
Адамдар «Мен намазды зейнетке шыққан соң оқимын», «бара
көрермін», «менің жүрегім таза» деген сөз айтпады. Саналары ашық,
мұсылман баласына орындауы тиісті парыздарды бұйырды. Сіздің
қойып отырған сауалыңыздың жауабы осы жерде. Біздің балалары-
мыз, бауырларымыз əуелі дінді санасымен түсінбей бірден, қажылық,
намаз, ораза дегеннен бірақ шықты да, түсінік деңгейі артта қалып
қойды. Енді Пайғамбарымыз (с.а.у.)өзінің хадисінде былай деп айтты:
«Сендер адамдармен өз түсініктерің жеткен дəрежеде емес, олар
түсінетіндей дəрежеде, өздерің ақылдарың жеткендей дəрежеде
емес,адамдар түсінерліктей дəрежеде сөйлесіңдер»,- дейді. Мы-
салы, мен қазір Құран Кəрімде «Мұхкəм аят, Мұхташаби аяттар
бар» десем, кім не түсінеді? Ешкім ештеңе түсінбейді. Көрдіңіз ба? Де-
мек, бұл жерде мен өзімді бір данамын, данышпанмын деп көрсету
емес мақсат, өзіңнің ақылың жеткен дəрежеде емес, адамдар түсі-
нерліктей дəрежеде сөйлесіңдер дейді. Ал енді қарасаңыз, кез-келген бала балабақшадағы тəрбиешіден білім алады, мектепке барады. Əліппе, ана тілі, əдебиетті оқиды. Əрі қарай колледж, университет, магистратура, докторантура деген сияқты бірте- бірте жоғарылай береді. Ал,мынау бау-
ырларымыз дінге келгенде бірден докторлыққа барды. Бір хадисті жаттап алады, Құранның бір-бір аятын жаттап алған, шетінен жүрген
магистр немесе доктор. Жоғары жақты көріп қалған адам енді төмен
жаққа қарағысы келе ме? Ислам алдымен адамның қандай жағдайда
жүргенімен, түсінігімен санасуды бұйырады. Сондықтан да «ислам
экстремизмі», «ислам терроризмі»деген ұғымға əкеліп жатқан болса, ол – осындай бауырларымыздың таяз түсінігінің себебінен болып жатқан нəрсе.
Дегенмен де, бүгінде исламның бағыттарын
жастарға өздерінің деңгейінде түсіндіруде, оларға тура жол көрсетуде қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?
— Бізде əркім өз саласында қызмет етуді үйреніп қалған. Математика пəнінің мұғалімі қазақ тілі пəнінен хабары жоқ, химия пəнінің мұғалімі əдебиетке мүлдем кірмейді қазір. Біз əрқайсымыз бір-бір сала-
ны алып, сол шекарадан шықпай еңбек етуді үйренгенбіз. Солай
тəрбиелендік. Ал, бұл жұмыста қоғам болып күресуіміз керек. Оған
қариялардың ұлағатты сөздері қажет. Қазақта аталарымыздан
қалған керемет тамаша «айналайын!» деген сөз бар. Айналайын де-
ген сөзге айналып түспейтін қазақ баласы жоқ. Неге осы сөздер шет
қалып бара жатыр? Ақын Шынболат Ділдебаевтың «Шындық»
деген өлеңінде: «Бір ақсақал бір ауылды билеп ед, қазір қалдық бір
келіннен аса алмай»,- деген жері бар ғой. Ақсақалдың дана сөздері
қайтып орнына келмейінше, түзеу қиындау. Ата-бабадан мирас болып
келе жатқан құндылықтарды, салт-дəстүр, тыйымдарымызды баланың
бойына кішкентайынан сіңіріп өсірсек, өзінің сөзіне берік, анты-
на адал болуға тəрбиелесек қана, нағыз патриоттарды тəрбиелейміз.
Біздің бала күнімізде қандай еді? Патриоттық сезімді оятатын Отан-
ды қорғау туралы түрлі киноларды көретінбіз.Мектептен антымызға
берік болуға тəрбиелендік. Оны ешкім бұза алмайтын еді.
Пайғамбарымыздың хадисінде: Кімде кім исламға,яғни, дінге кел-
мей тұрып ез болған болса, исламға келген соң да ез болады дейді.
Кімде кім исламға келмей тұрып, сөзіне, ісіне берік болатын бол-
са, ол исламға келген соң да ісіне берік болады дейді. Отбасында қыз
сияқты тəрбиеленіп, жылауық не болмаса өсек тасып жүретін бол-
са, ол адам қоғамға қандай пайда əкеледі? Екіншіден, кезінде мек-
тепте мұғалім ұрысса, оны үйге айтып келетін болсақ не болатын еді?
Əкеміз не істейтін еді? Жон арқадан сегіз өрім,бұзау тіс қамшымен осып
жіберетін. Бізді кезінде мұғалім:əкеңді шақырамын, шешеңді
шақыртамын, — деп қорқытатын еді. Қазір балалар: — əкемді шақырамын
не шешемді шақырамын деп қорқытады. Көрдіңіз бе, қандай кері түсінік пайда болды. Бұл нəрсеге біз бəріміз қоғам болып
жұмылуымыз қажет. Бұл жерде тек дін жетпей жатқан жоқ. Дін бəріне
жетті қазір. Мысалы, ақпараттыққұралдар, мешітттер бар,дін айты-
лып жатыр. Жетпей тұрған нəрсе-аналарымыз, əкелеріміз, аталарымыз бен əжелерімізден қалған ұлттық құндылық. Осы құндылықты
біз ортаға шығарып,балаларға сіңіретін болсақ, өзінен-өзі тəрбие
деген нəрсе белең алады. Бір жылдары Талдықорғанның маңайына
атжалман деген қаптап кеткен. Сондай көп, қандай дəрі тастасаң
да, өлмейді. Бірақ, жоғалды ғой? Иə, жоғалып кетті. Діни тұрғыдан
алғанда да тура сол сияқты. Түрлі ағымдар мен жатпиғылды діндарлар
шығып жатыр, шетінен жоғалып жатыр. Бұл ағымдар бітіп қалған жоқ,
кезінде апаларымыздың айтып берген ертегісіндегідей айдаһардың
бір басын шауып тастап еді, үш, бес бас болып, бірнеше тарамға
бөлініп кетті. Біз бұрын оларды киген киіміне, қойған сақалына қарап
ажырататын едік, қазір өйтіп ажырату мүмкін емес. Олар тактикаларын хамелеон сияқты өзгертіп жатыр. Сондықтан да біз оларды міне, мынау деп, көрсетіп, өзгерте алмаймыз. Бұл жерде отбасылық тəрбиенің алар орны ерекше. Ол қай кезден басталады? Ол — ананың құрсағынан, бесікке салғаннан басталмайды. Ол- əкенің белінен басталады. Əке белде тұрған кезде, яғни үйленбей тұрған кезденбастап өзінің діни сенімін түзеуі, қоғамға аз да болса пайда əкелуге тырысуы керек. Осыдан бір тамшы
су ананың құрсағына түсті. Ол бір тамшы судың ішінде: əкенің түр-
əлпеті, қанының тобы, болмысы, жүріс-тұрысы, барлығы енді. Яғни,
сол бір тамшының ішінде бүкіл генетикалық ақпараттың бəрі кетті.
Адамның сенім, таным, түсінігі де сол ақпараттың ішінде кетеді. Ол
үшін Елбасы, Президентіміз айтып жатқандай, «болашақ-жастардың
қолында» дейтін болсақ, қазірден бастап сол жастармен жұмыс
жасауды қолға алуымыз керек. Бізге өзге шет елдің тəрбие тəсілдері«америкалық метод»,«жапондық метод» деген сияқты
керек емес. Бірде теледидарда біздің дəрігерлердің қатысуымен
болып жатқан хабарда, акушер дəрігерлер біз қазір əйелдерді
«америкалық тəсілмен» босандырамыз. Қасында жақындарынан бір
адам тұруы керек,- дейді. Басқаны айтпайын, кешіріңіздер, жəй ғана
дəретке отырсаң, қасыңда біреу қарап тұрса, отыра аласың ба?
Құдай-ау, біздің қазір қыздарымыз, келіншектеріміз неге босана ал-
май жатыр? Неге кесарь тілігін қолданады? Өйткені, америкалық
тəсілді əлі түсініп жатқан жоқ. Неге? Біреу қарап тұр, содан қысылады. Одан дүниеге нəресте келісімен оны алады да, анасының үстіне жатқыза салады. Бала еркін жатуы керек деп, қол-аяғын
бос тастап қояды. Сонда біздің аналарымыз ақымақ па? Қойдың
майымен сылап жататын, бесікке бөлейтін. Ал, туа сала еркіндікте
өскен бала ертең кімді тыңдайды? Бесікке бөлеу — біріншіден тазалық,
екіншіден, бала туабітті оның өмірінде басқарушылық бар екенін
білуі керек. Құдайдан қорқуы керек. Құдайдан қорықпай ма
заңнан қорқуы керек. Құдайдан қорықпағаннан қорық дейді қазақ.
Кеңес Үкіметі кезінде құдай жоқ деген қоғамда өссек те, заңның
қаталдығының арқасында есігімізге құлып салдық па, салмадық. Есікті
аналарымыз қалақпен, көмір ше лекпен тірей салатын. Болды. Кешке келесің, үй сол қалпында. Ұрлық-қарлық жоқ. Неден қорықты?
Мықты заң бар еді. Бұл жерде заңымыз бар, барша жұртымыз
бар, жұмылып жұдырық болмайынша қоғамды түзей алмаймыз.
Мұның түбі қайда жалғасып жатыр? Мысалға, кезінде екі бүйіріңе
қолыңды қойып, иығыңнан демалып тұрсаң, не болатын еді? «Бүйіріңді
таянба», «екі иығыңнан демалма» дейтін. Не болады? Жаман бола-
ды дейді. Бірақ, біз ол кісілерден неге олай, дəлелің бар ма, сахих
па?- деп сұрамадық. Жаман болады деді ме, жаман болады. Болды.
Біз үшін жамандықтың жақсысы жоқ. «Жерді сабама», «Бейуақытта
ұйықтама» сынды т.б көптеген мысалдарды келтіруге болады.
Мұның бəрінің арты қайда апарады? Пайғамбарымыздың хадисінде
айтылады «Сендер бүйірлеріңді таянбаңдар, екі иықтарыңмен
демалмаңдар» дейді. Себебі, Аллаһ Тағала біреуді жаһаннамда
тозақта азаптайтын болса, олар демалған кезде екі иығымен дема-
лады. Сендер оларға ұқсамаңдар дейді. Пайғамбарымыз бейуақытта
ұйықтаған адамның жынды болмай тұрғанына таң қаламын дейді.
Бейуақытта намаз оқымаңдар, балаларыңды далаға шығармаңдар
дейтін. Кезінде аталарымыз бен əжелеріміздің айтқан сөздерінің
түбі-шариғат. Бұл – ырым емес. Қазақта салт-дəстүр бар, тыйым
бар,ырым бар. Ырымның шариғатқа да біздің дəстүрімізге де қатысы
жоқ нəрсе. Мысалы қара мысықөтсе, жаман болады. Бос шелекпен
өтсе, жаман болады деген сияқты.Тыйымдардың түбі шариғатқа сай
келеді. Осындай сөздерді қоғамда көбірек пайдалансақ, түзелу қиын
емес. Бəрі қалпына келеді.

Бүгінде білім саласындағы оқу үрдісі жаңаша жүргізіліп жатыр.
Жаңартылған білімді игереміз. Ол да өзге мемлекеттерден алынған тəсілдер ғой. Сынға да көп ұшырады.
— Иə, дұрыс айтасыз. Кезіндегі Ыбырай Алтынсарин, Ілияс
Жансүгіров, Ахмет Байтұрсыновтарт.б ағартушыларымыздың бəрі
де – қазақ. Қазақтың болмысымен тəрбиеленіп, қазақша өскен жан-
дар. Қазақтың ішіне дендеп кірген адамдар. Қазақты қалай түзеу ке-
рек екенін, қазаққа не керек екенін білген адамдар. Мұқағалидың
тілімен айтқанда, «Күпі киген қазақтың қара өлеңін-шекпен жау-
ып өзіне қайтарамын» дейді. Басқа жерден сөз алып тұрған жоқ. Тура
сол сияқты қазақтың баласы сол кітапты жазды. Өйткені, Абайдың
кез-келген қара сөзін алыңызшы, мысалы, 16-шы қара сөзінде «біздің
қазақ құдайға құлшылығым лайық болса екен деп қам жемейді»
дейді. Қазақты жеккөргеннен айтып жатыр ма? Жоқ. Намысын
қайрап жатыр. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, əуре етеді
ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен
ақылың екі жақтап» дейді. Яғни, қарап тұрсаңыз, бізде мақтау,
біреудің кішкене дəрежесі көтеріліп бара жатса, басы көк тірегенше
мақтаймыз да, омыртқасын сындырып тұрып қайта түсіріп аламыз.
Абайдай, Ыбырайдай, Ахметтей,Əлихандай жеткізген кім бар? Содан
артық кітаптың бізге қажеті жоқ деп ойлаймын. Батыстан алудың, оры-
стан алудың қажеті жоқ. Қоғамды түзейміз деген адам мұғалімдермен
кеңессінші. Мысалы, дін саласында өзгеріс енгізу қажет болса, дін
саласындағы адамдармен кеңесіп,мына жерін былай істейік, мы-
науымыз дұрыс па деп кеңессін. Ал, бізде етікші де, балықшы да
саясатпен айналысып, сонау Елбасынан бастап сын айтады, саясат-
пен айналысады. Француздардың:«Қай мемлекеттің қарапайым
халқы саясатқа араласпайтын, килікпейтін болса, сол мемлекеттің
экономикасы жоғарылайды дейтін жақсы мəтелі бар екен. Ал, бізде
қарапайым халық, тіптен балаға шейін қазір біреуді жамандауға дай-
ын тұрады.Қоғамды сол нəрсегеүйретіп тастадық. Алдыңғы арба
қалай жүрсе, соңғы арба солай домаламай ма? Жастар да алдыңғы
буыннан көргенін істейді ертең. Қайталайды. Біреудің дəрежесі
көтерілсе, соның артынан мақтау, артынан жалпақтау сияқты. Д.А
Қонаев: «Сен маңайыңа сені қолдайтын, сені мақтайтын адам-
дарды жинама, саған идея қосатын, ақыл беретін адамдарды жина!» —
деп айтты. Міне, сонда қоғам өзінен өзі түзеледі. Қазір дінді түзегісі
келетіндер бар. Дін-адамды түзеу үшін келіп тұрған нəрсе емес пе?
Соны түсінбейміз. Бірінші — санамызды түзеуіміз керек. Бұрынғы
адамдардың қоғамға жаны ашитын. Рұқсат етілмеген нəрсеге тиісуден қорқатын. Қиратып аламын ба, бүлдіріп аламын ба деп күдіктенетін.Өзімде жоқ болса — жоқ болсын,мен алмасам — алмайын,
бірақ қоғамға зиян келтірмейін деп ойлайтын. Қазір отбасындағы 2-3
жасар балаға ұстап көрмеген телефонды бере салыңызшы. Бүлдіріп
аламын деп ойламастан, бастырмаларын тарсылдатып басып, сіз
кірмеген сайттарға кіріп, папкілерді ашады. Көрдіңіз бе? Қорқыныш жоқ
онда. Сондықтан да дана халқымыз заманың түлкі болса, тазы боп шал
дейді. Демек, түлкібұлаң заманда өмір сүріп жатқан болсақ, балалары-
мызды да соған қарай тəрбиелеуіміз керек. Себебі, Алланың елшісі
Пайғамбарымыздың (с.а.у) күйеу баласы əрі ғалым кісі болған
Хазіреті Əли былай деп айтты:«Сендер балаларыңды өздерің
болмайтын уақытпен тəрбиелең-дер, себебі, олар сіздер болмайтын
уақыт үшін дүниеге келген» дейді. Біздің балаларымыз біз болмай-
тын заманда өмір сүреді. Біздің кезімізде не сұрады? Партия де-
ген не? КПСС деген не? Ленин деген кім?- деп сұрады ғой. Ал, енді
қазір балалар өйтіп сұрамайды. Қазір Пайғамбар деген кім? Дəретті
қалай алады?Намазды қалай оқиды? Парыз, сүннет деген не
деп сұрайды. Оны əке-шешенің өзі білмей тұрған болса, əлбетте, бала
ертең жат діни ағымдарға кетеді. Өйткені, қоғам қазір жаппай дінге
қарай бұрылды. Мешіттер ашылып жатыр, діни ақпараттар беріліп
жатыр. Бала автоматты түрде қазір соны білуге ұмтылады. Ата-
анасынан сұрайды. Ата-анасының діннен хабары болмағаннан кейін:
-Əй, сен мешітке барма вахабист боласың, террорист болып кетесің
-дейді. Телефонды шұқылығанда қорықпаған бала ол сөзге тоқтай
ма? Жоқ. Мен өйтпеймін, мен террорист болмаймын деген түсінікпен
барып сұрайды. Ал, ол жерде кімнің тілі ұзындау, соның соңынан «дін —
мынау, менің артымнан жүр»деген кезде, қандай ағымға кетті ажырата
алмайды. Дұрыс сенімде ме, бұрыс сенімде ме? Ең бірінші кім оның
миына жақсы ақпарат берді, оның көңілін тапты, соның соңынан ереді.
Дана халқымызда сөз бар «Келіннің бетін кім ашса-сол ыстық» демекші,
осының айтқаны дұрыс деген сенім пайда болады.
– Бүгінгі таңда облысымыздың оқуорындарымен байланыстарыңыз қалай?
— Біріншіден, жылдың басында үлкен жоспар жасалады. Қай мектепке, қай оқу орнына баратынымыз, қандай тақырыпта сөйлейтінімізді белгілеп аламыз. Одан да тыс мұғалімдердің өздері де шақырып тұрады. Осындай тақырыпта оқушылармен кездесулер өткізсек деп. Мысалы, «Ата-анаға — құрмет, ұстазға — ізет» демекші. Я болмаса, «Білім алудың пайдасы» де-
ген сияқты тақырыптарға барып сөйлейміз, əлбетте. Өйткені, біз
белгілеп қойған тақырып мектептің бүкіл баласын қамтып кетуі мүмкін
емес. Ол жерге үлкен сыныптарды, мысалы — 9, 10, 11 сыныптарды
шақыруы мүмкін. Олардан төменгі сыныптар да бар емес пе? Оларға
не нəрсе қажет? Біз тақырыпты жас балалардың ерекшеліктеріне
қарай ұстаздармен біріге отырып таңдаймыз. Себебі, 5-6 сынып
оқушыларына терроризм, экстремизм туралы айтып жатса, олар
түсінбейді. Оған керегі не? Оған ата-ананы сыйлау, білім алудың
пайдасы қажеттілеу. Халқымызда «Атаңа не істесең, алдыңа сол
келеді» деген сөз бар. Баланың түсінік дəрежесіне қарай тақырып
таңдаймыз. Жыл басынан обыстық білім басқармасының жəне біздің
басқарманың басшылары келісе отырып əзірленген жоспарлармен
танысып, ішіне толықтырулар мен өзгертулер енгізеді. Облысымыздың
саясатына сай тақырыптар қамтылады.
Жыл басталғалы қандай шаралар өткіздіңіздер?
— Бірнеше мектептер мен колледждерде болдық. І.Жансүгіров
атындағы ЖМУ, кəсіптік мектептер мен арнайы мектептерде болдық.
Балалардың сұраныстарына қарай жұмыс жасап жатырмыз. Олардың санасы əртүрлі. Бірі бұзақылықты біле тұра жасайды, екіншісі «Менің атым Қожа» фильміндегідей өзі алғыр бала болғанымен, байқаусызда қоғамға
зиян келтіргенін албырттықпен байқамай қалады. Сондықтан да
барлық баламен бірдей жұмыс жасау мүмкін емес, Əркімнің өзінің
санасына қарай, түсінігіне қарай кейде жеке шақырып алып та
сөйлесеміз. Біреусін мақтап отырып, біреусіне ақырындап ұрсып
қоясың. Түсінігі ерекше балалар бар. — Қарашы, ана жақта қандай
балалар оқи алмай жатыр, ата-анасы жоқ балалар бар — деген кезде көзіне кəдімгідей жас алады.

— Олай болса, бүгінгі жастарға не қызық,
қандай мəселе көбірек ойландырады?
— Мен 15 жыл мешітте имам болып жұмыс жасадым. Сол кезде бізді
жоғары оқу орындары шақыратын. ЖМУ студенттерімен кездескен кез-
де осыдан 15 жыл бұрын студенттер: — Не үшін жеті шелпек пісіреді?
Бейіттің жанынан өткен кезде бет сипау міндетті ме? деген сияқты
сұрақтар қоятын. Сол заманның білім деңгейінің жеткен жері сол ғой.
Қазіргі кезде Мəзхабтар жайында,4 мəзхаб жайында, діни түсініктер,
Сирия жайында сұрақтар қояды. Діни ағымға кеткен адамдардың
түсінік ерекшеліктері. Олар діннің қай жерінен қателесті? Құранды
қалай түсінуге болады? Бəріміздің оқып жатқанымыз осы Құран емес
пе, бір хадис емес пе? Мен мұныбылай түсіндім, анау неге былай
түсінеді? деген сияқты сауалдар қояды. Қазіргі жастардың діни
түсінігі өсіп кеткен. Ол жерде жауап берудің өзі де үлкен дайындықты
талап етеді. Ата-аналар түсіндіре алмауы мүмкін сауалдарды қояды.
Мысалға, бұрыннан намаз оқып келе жатқан аталарымыздан:
Сіз қай мəзхабтасыз? деп сұрасаң, жауап та айта алмайды. Көрдіңіз бе? Өйткені, оны білмейді. Бірақ, намазды міндетті түрде Ханафи мəзхабымен оқып жатыр. Өйткені Ханафи мазхабы біздің салт-дəстүрімізбен біте
қайнасқан. «Үлкенге – құрмет, кішіге-ізет», «Үлкенің алдын кеспе», «Үлкенге орын беру» деген сияқты нəрселердің барлығы осы мəзхабтың ішінде қазақтың салт-санасымен біте қайнасып кеткен бір қазанда. Оны Сіз Ханафи мəзхабынан деп айтсаңыз да,айтпасаңыз да автоматты түрде
соның ішіндесіз. Ал, қазіргі жастар олай істемейді. Барлығы дəлелді
қажет етеді. Дəлелің бар ма? Мұны кімдер жазған?, Кімдерден риуаят етілді? деген сауалдар қояды.Оның үстіне мешітте имамдар да
бұрынғыдай садақа, намаз, зекет туралы уағыздар айтқан болса, қазір
адамдардың барлығының одан хабары бар. Енді қазіргі айтылып жатқан уағыздардың деңгейі де Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бас мүфтиі тарапынан да өзгертілген. Қазақтың ұлы даналардың сөзімен сөйлеу керектігі айтылған. Мысалы, Əлихан Бөкейханұлының түрмеден Ілияс пен Ахметке жазған хатында: «Сендер бұл жолда тер төккендеріңе
өкінбеңдер, қиналғандарыңа өкінбеңдер. Əлі алдымызда болашақ
күнді көретін ұрпақ келеді», — дейді. Қандай керемет, ұлы сөздер!
Əлихан Бөкейханның мына бір айтқан сөзіне қараңызшы: «Мен қазақ халқын екінші Жапония жасаймын» дейді.Неге десеңіз, жапондар қазақтар сияқты ұлттық құндылықтарын сақтауға өте бейім халық екен. Біз Əлихан Бөкейханың,Ілияс Жансүгіровтың діни түсінік,танымын жастарға сіңіріп жіберетін болсақ, рухани жағынан əлдеқайда дамып кетер халықтардан болар едік. Біз қазір бос сөз қумай, білімімізді жетілдіруге, рухани
дамуға аса көңіл бөлуіміз керек. Химия оқулығында берілетін Менделеев таблицасында қанша орын бос тұр. Неге біздің балалар басқа элементтерді ашуға үлес қоспайды, соны толтыруға жұмыс жасамайды? Жағрафияға, физикаға үлес қосайық, жаңалық қосайық! Қазақтың ағартушы ғалымы Ыбырай Алтынсарин «Өнер, білім баржұрттар, тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден, көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар
алғызды» — дейді. Олар өнері бар, білімі бар жұрттар.Телефон ойлап
табады. Үйіміздегі тоңазытқышты, самолетті ойлап табады. Біз тек
қана қолданамыз. Өзге жұрттың жасағанын тек қолданамыз. Себебі,
қолымыз тимей жатыр. Біз əлі ананы жерден алып жерге салып болған жоқпыз. Біз əлі мақтап бола алмай жатырмыз. Біз санамен жұмыс жасауымыз керек алдымен. Санамызды дамытайық. Алла разы болсын сізге!
Тағылымды əңгімеңізге рахмет. Аз ой айтылған жоқ. Халқымыздың діні де, ділі де, тілі де мəңгі жасай берсін!

Гүлжанат НҰРШАНОВА

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK