Бүгін Талдықорғанда адам көп шоғырланған жерлерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан бұл шара енді күнделікті іске асатын болады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

«Талдықорған Көркейту» ЖШС-нің директоры Владимир Оңалбайұлы қала аумағындағы адам көп жүретін алаңдарға, скверлерге, тратуарларға және аялдамаларға дезинфекция жүргізуді қолға алғандарын атап өтті.

«Аталған жұмысқа гипохлорит натрия қоспасының суға қосылған түрі қолданылуда. Залалсыздандыру адам көп жүретін жерлерде күніне екі рет, аз жерлерге бір рет жасалады. Дезинфекцияға қажетті материал Қаскелеңнен Талдықорған қаласына күнделікті 1 тонна көлемінде жеткізіліп тұрады. Бұл жөнінде арнайы келісім шартымыз бар», — дейді В.Қауысбеков.

Сондай-ақ, мекеме басшысы залалсыздандыру жұмыстарына арналған қоспаның адам денсаулығына ешқандай әсер бермейтінін тілге тиек етті. Яғни, бетперде (маска) тағудың қажеті жоқ.

Айта кетейік, бұл жұмыстар арнайы техниканың көмегімен іске асуда. Бүгінде қалада мұндай жаңа машинаның төртеуін кездестіруге болады. Оның үлкен техникалар жүре алмайтын жерлерге кіріп, белгіленген аумақты жуып, шайып шығуға мүмкіндігі бар. Сыйымдылығы – 1,8 тонна.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK