Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қазандағы №518 және 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 әрекет ету тәртібіне сәйкес — Алматы облысының әкімдігі https://e-zhetysu.kz: порталында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама алу үшін мектепке дейінгі 6 (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» онлайн қызметін іске қосты. Бүгінгі күні Алматы облысы, Талдықорған қаласында https://e-zhetysu.kz: жүйесіне барлығы меншік нысанына қарамастан -67 Мектепке дейінгі балалар ұйымы ( ары қарай МБҰ) тіркелді.

Жүйенің жалпы сипаттамасы: Жүйе мемлекеттік МБҰ немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке жолдама алуға арналған. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама үшін 6 (7) жасқа дейінгі балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметін автоматтандырудың негізгі артықшылығы ата-аналарға нақты уақытта порталда өтінішті тіркеу және білім беру бөлімдері мен мектепке дейінгі балалар ұйымдары қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз МБҰ жолдама алу мүмкіндігі болып табылады.

Жүйенің тиімділігі — балалардың кезекке тіркелу барысында белгілі бір балабақшаға ғана тіркеудің болмауы. Енді өтініш берушілер жас санатына сәйкес өздерінің тұрғылықты елді мекенінің орналасуы бойынша кезекке тұра алады. Кезек келгенде, өтініш беруші тиісті жас ерекшелігі бойынша бос орындардың жариялануына байланысты балабақшаны таңдайды. МБҰ таңдаған кезде жүйеде орналастырылған фотосуреттерден және оның картада орналасқан жерінен көруге болады.

Маңызды айырмашылықтың бірі ретінде — МБҰ бос орындарды жариялаған жағдайда, бұл орындар үш тәулік ішінде кезекте тұратындар үшін ғана қолжетімді болатындығын айтуға болады. Егер осы үш тәулік ішінде бос орындарға жолдама алынбаған жағдайда, олар барлық кезекте тұрған жас ерекшелігіне сәйкес балаларға өтініш берушілер үшін қолжетімді болады. Ата-аналар үшін кезек күтіп тұрудың қажеті жоқ. Кез-келген уақытта тиісті жас ерекшелігі бойынша бос орындар жариялаған МБҰ-ға жолдама алуға болады. Ол үшін «Менің өтініштерім» арнайы бөлімінде қолжетімді бос орындар реестрін үнемі қарап отыру қажет. Бос орындар пайда болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымды таңдау қажет.

Өтініш берушілерге осы жүйемен жұмыс істеуді бастау оңайырақ болуы үшін смс хабарламалар мен электрондық поштаға хаттар түріндегі хабарламалар функциясы арналған. Бұл хабарламалар келесі маңызды мәліметтер туралы хабар беру үшін келеді. Мәселен: кезек келді; жолдама алу; құжаттарды пысықтау талап етіледі (жеңілдіктер үшін); МБҰ-на қабылдау және т. б.

Енді кезек қалай қалыптасады?

1. Онлайн өтініш беру;

2. Жолдаманы үшінші тұлғалардың қатысуынсыз және кезек күтусіз өз бетінше алу;

3. Белгілі бір балабақшаға кезектің болмауы;

4. Өтініш берген кезде, сіз бірден өзіңіздің қалаңыздағы/ аудандағы барлық балабақшаларға кезекке тұрасыз;

5. Кезек баланың туған жылына сәйкес қалыптастырылады. Яғни, әрбір туған жылға өз кезегі болады;

6. Кезек келген уақытта жүйе СМС хабарлама және поштаға хабарлама жібереді;

7. Балабақшаларүнемі бос орындарды жариялайды;

8. Жаңа жарияланған бос орындар алдымен үш тәулік ішінде кезекте тұратындар үшін қолжетімді. Осы уақыт ішінде ата-ана өзін қызықтыратын мектепке дейінгі балалар ұйымын таңдауға тиіс;

9. Үш күн ішінде кезектің басында тұрғандар алмаған болса, бос орындар барлық күту орындарына қолжетімді болады. Мұндай орынды бірінші болып таңдап алған өтініш беруші оған кезек келгенін күтпестен жолдама алады. Сондықтан қолжетімді жерлерді үнемі қарап тұрыңыз. Жалпы кіру орындарын жариялау күн сайын таңғы 7-де болады.

10. Енді жеңілдік санаттары екі түрге бөлінеді:

Бірінші кезекте-«біреуі үшке» қатынасында жолдама алады. (кезекте жеңілдетілген санаттағы бір өтініш беруші және жалпы негізде үш өтініш беруші кезекпен орналастырылады). Оларға мынадай санаттар жатады:

— заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балалар;

— ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар;

— көп балалы отбасы балалары;

— ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар;

Кезектен тыс –мектепке дейінгі ұйымдарда бос орын болған жағдайда, кезектен тыс жолдама алады. Оларға жатады:

— әскери қызметшілердің балалары;

— Арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары;

Артықшылықтары:

· Өтінішті тіркеу және бос орындарды бөлуде үшінші тұлғаларды алып тастау;

· Сыбайлас жемқорлықтың болмауы және балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қою процесінің ашықтығы;

· Жүйе Блокчейн технологиясына жазылған, бұл кезектілікпен әр түрлі манипуляцияларды болдырмайды;

· Ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы (кезектің қозғалысы және мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың болуы туралы ақпаратқа қол жеткізу).

Жолдаманы қалай алуға болады: Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болмаған жағдайда, оны ХҚКО-нан алу; 1. Порталдағы https://e-zhetysu.kz нұсқаулыққа сәйкес өз ЭЦҚ пайдалана отырып өтініш беру;

2. Мектепке дейінгі ұйымдар бойынша бос орындарды таңдау сіздің балаңыздың жас ерекшелігіне сәйкес реестрінен таңдалады;

Білу маңызды: Сіз https://e-zhetysu.kz порталындағы кезекте тұрған орынды үнемі тексеріп, порталдағы хабарламаларды оқып отыруыңыз керек;

1. Кезек келгеннен кейін сіз мектепке дейінгі ұйымды таңдап, 9: 00-ден 20: 00-ге дейін жолдама ала аласыз. Назар аударыңыз! Егер сіз 3 күн ішінде жолдаманы алып үлгермесеңіз, онда бұл орын Сізге ғана емес, сонымен қатар жарияланған бос орын бойынша жас ерекшеліктеріндегі кезекте тұрған барлық балаларға қол жетімді болады.

2. Қызмет көрсету жүйесі жұмысының барысында мектепке дейінгі мекемелерде пайда болған бос орындар жарияланып тұратын болғандықтан ата-аналар мектепке дейінгі мекемелер реестріндегі бос орындар туралы мәліметті қарап отыру талап етіледі.

3. Балаңызға жолдама берілгеннен кейін Сіздің балаңыз автоматты түрде орын алу кезегінен алып тасталынатын болады.

4. Жолдаманың тіркелу мерзімі 5 күн. Осы мерзімде Сіздерге :

· Жолдама алынған мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерімен хабарласып, талап етілетін құжаттамамен бару қажет етіледі.

· Алынған жолдаманың номерін мектепке дейінгі мекеменің жауапты маманына хабарлап айту қажет.

· Баланы балабақшаға қабылдау рәсімдемесін орындап, мекемемен келісімшартқа отыру қажет.

Салтанат Бекбергенова,

Талдықорған қаласының білім бөлімі, білім беруді дамыту оқу- әдістемелік орталығының әдіскері.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK