Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда бірқатар маңызды мәселелерге назар аударды. Басты мақсат — қолда бар мүмкіндіктер әлеуетін толық  пайдалану екендігін атап көрсетті.

Айтар болсақ,  көп балалы аналарға көмектер жасалса, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды.Нақты істердің қолға алынып жатқандығына қуанамыз. Біздің Талдықорған  қаласы тұрғындары  табиғи  газдың қызығын көріп отыр.  Қыс болса, көмір іздейтінбіз. Күл шығарып, от жағатын едік.  Енді  осындай  машақаттың бәрінен құтылдық.  Бұл -мемлекеттік бағдарламаның жергілікті жерлерде жүзеге асырылып жатқандығының нақты көрінісі. Жұртшылықтың әл-ауқатын көтеруге, тіршілігін жеңілдетуге жасалып жатқан шаралар үшін  ризамыз.

                                                                                                            Б.Қасенова, 

                                                                          Талдықорған қаласының тұрғыны.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK