Бүгін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына барып, ондағы тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ, шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымовтың ыстық лебізін жеткізіп, орталықтағы жеткіншектерге спортпен шұғылдануға арналған сыйлықтарды және Жаңа жылдық тәттілерін табыстады.

Ал, мерекелік шара барысында бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK