Жыл бойы жеткен жетістік

431

Талдықорған қаласының білім бөлімі  өткен 2019 жылды қалай  аяқтады? Сауалымызға қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Бақтыбаева  өткен жылды  жақсы табыспен аяқтап, келер 2020 жылға да  зор үміт артып  отырғандығын айтып, жылы лебізін білдірді.

-«Үздік педагог» атағы мен арнайы грантты №16 мектеп-гимназиясының мұғалімі С.Жанаберлиева иеленсе, облыстың  мектеп басшылары арасында өткен «Белсенді топ шебер-класс алаңында» Талдықорған қаласының белсенді тобы жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Қала командасы  «Жас мамандар» слетінде «Ең үздік команда» атанса, « Жерұйығым-Жетісу»  облыстық фестивалінде — бірінші, «Математикалық регатада» — үшінші орын тұғырына көтерілді.  «Іскер көшбасшы» байқауында  №45  балабақша меңгерушісі С.Сейілғазинова бас жүлде, ал «Үздік балабақша  әдіскері» атағы мен  1- орынды  №42 балабақша әдіскері А.Рақышева   иеленді. «Табысты көшбасшы» байқауында №12 мектеп-гимназияның директоры Т.Андриянова және «Жас менеджер» облыстық байқауында №8 орта мектептің басшысы Л.Иманбекова жүлделі орындарды алды. Оқушылар да  пән олимпиадалары мен ғылыми жобас жарыстарында топ жарды.

Құрметті талдықорғандық  ұстаздар  мен оқушылар!  Жаңа 2020 жыл жақсы жаңалықтарға,  табысқа толы болсын!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK