Суретті түсірген Айдын Нұршанов

Ардагерлер үйінде Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен  «Рухани құндылық – ұлттық тәрбиенің негізі»  атты кездесу өтті. Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Нұрбақыт Теңізбаев, саяси ғылымдардың  кандидаты Тимур Биғожанов, облыстық телеарнада арнайы діни бағдарлама жүргізуші болған, дінтанушы  Қанат Маратұлы, Абай атындағы орта мектептің директоры Самғат Долаев қатысып, ұлттық құндылықтар турасында ойларын жастармен бөлісті.

— Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында  ел дамуына қатысты бірнеше бағытты айқындап берді. Елбасы өз мақаласында бәсекелестік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығына мән берілді. « Отанды сүю отбасынан басталды». Жас ұрпақ елді, жерді құрметтеуі тиіс. Бұл патриотизм деуге болады. Бүгінгі шара студент жастарға арналып өткізіліп отыр. Өздеріңнің оң-солдарыңды танып білу кезінде діни сауаттылық керек. Жалпы  қоғамымызда  білім таяздығынан өзге ағымның жетегінде кететіндер де кездесіп қалып жатыр. Сондықтан, жастарымыз  білімді,  зейінді болуы керек,-дейді  қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлы.

Мұнан кейін де сөз алғандар діннің өте күрделі мәселе екендігін атап өтті. Жастар еліктегіш келеді. Сондықтан да, олардың өмірден өз орнын тауып, білім алып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану керектігін айтты. Қанат Маратұлы, ұлттық салт-дәстүрімізді  бойына сіңірген бала ертеңгі күні елі үшін қызмет жасайтын азамат боларына сенемін деді.

Әрине, ұлттық құндылықтар ескергенді жаңартып, өткенімізді өшірмей, барымызды бағамдауға бастайтын жол. Болашақ жастардың қолында десек, онда білімде, қызмет те еселі  еңбекпен келеріне аға буын өкілдері  сенім білдірді.  Қатысушыларға дін істері басқармасының ғылыми-талдамалық кітапшалары үлестірілді.

                                                                                                 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK