Жабайы сауда иелеріне ескерту жасалды

133
Фото авторы А.Нұршанов

Көше бойы орналасқан жыры бітпеген жабайы сауданың санитарлық- гигиеналық талаптарға сай еместігі сөзсіз. Мұндағы тағамдар ішек жұқпалары ауруына себепкер болатын көрінеді. Сондай-ақ, арлы-берлі жүйткіген көліктердің жүруіне кедергі келтіреді. Осы орайда қаламызда заңсыз саудамен айналысушыларға ескерту жасалды.

Фото авторы А.Нұршанов

Бұл жерде мақсат саудагерлерді нәпақасынан айыру емес. Тек барлығы  заң жүзінде болуы тиіс. Яғни, жұмыстарын арнайы сауда орындарында жүргізіп,  тазалық талаптарына сай болса болғаны. Талдықорған қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Қалиахметов: «Заңды бұзған саудагерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 204-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады. Сауданың осы түрімен айналысатындарға ең алдымен ескерту жасалады. Нәтиже болмаған жағдайда 10 АЕК ретінде айыппұл салынады. Мұндай тазалық шаралары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе әр апта сайын жүргізіледі. Жыл басынан бері 800-ге жуық жабайы саудамен айналысатын саудагерге айыппұл салынды»,-деді. Осы орайда сауда қатарлары жаяу жүргіншілер жолына дейін шығып кететін  бірнеше орынды біз де аралап көрдік. Мұнда азық-түлік, жеміс-жидек, киім-кешек, балаларға арналған  ойыншық түрлерін  кездестіресіз. Жайма базардағы саудагерлермен тілдескенімізде «Аптап ыстық пен қақаған суықта тұру біз үшін де оңай емес. Күнкөрістің қамы ғой», — деп қысқа қайырды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK