Журналист этикасы

60
Фото авторы А.Нұршанов

Журналист Жұлдыз Әбділда мен  PR бағытында  басшылық қызметте  жүрген Дінмұхамед Зиядин  журналистердің кәсіби және этикалық біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг өткізді.

«Өкінішке орай қазақ журналистикасында тиісті дәрежеде этика сақталып жатқан жоқ. Бұл тек  мәдениетті сөйлеумен ғана шектелмейді. Ең әуелі заң талаптарын, адам құқықтарын сақтау қажет. Өз міндетімізді дұрыс атқара білуіміз керек. Кейіпкердің қызметіне қатысты көптеген сын айтуға болады, алайда ар-намысына, жеке басына нұқсан келтіруге болмайды. Сондай-ақ, жалған, тексерілмеген ақпарат тарату журналистика саласындағы  бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе десе де болады»-деді Жұлдыз Әбділда. Жиын барысында журналистік этиканың бүгінгі қазақ журналистикасындағы көрініcі, журналист этикасы, кәсіби этиканың  кең таралған 10 ережесі, кәсіби дилемма, PR  қызметімен байланыс кеңінен талқыланды. Дінмұхамед Зиядин «Маған Габриел Маркестің «Журналистикадағы кәсібилік пен этика – шыбын мен оның ызыңы секілді ажырамас дүниелер» деген сөзі ұнайды. Баршаңызға белгілі әр саланың өзіндік этикасы болады. Бірақ журналистикадағы этика соншалықты кең тараған ұғым»-деп әлемдік БАҚ қағидаларымен бөлісті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK