Қаз       Lat       Ru En
Қаз       Lat       Ru En

Редакция ұжымы

Нуршанова Гулжанат Мырзаловна

«Taldykorgan-online.kz» желілік басылымының бас редакторы. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Білімі жоғары. Жалпы еңбек өтілі 39 жыл.27 жылы журналистикада. Талдықорған облыстық телерадиокомпаниясында редактор, ақпарат бөлімінің басшысы , «Талдықорған» газеті жанынан ашылған телебөлімнің басшысы қызметтерін атқарған. 2003 жылдан «Талдықорған» газетінің қызметкері, газеттің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. «Алматы облысының үздік журналисі» байқауының иегері. ҚР Әділет министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталған.  Талдықорған облысы,Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған байқауларда I-II дәрежелі дипломдары және алғыс хатымен, Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Қазмедиа» сертификаттарының иегері.

 

 Уразаева Алмагүл Жандосқызы

«Taldykorgan-online.kz» желілік басылымының орыс бөлімінің редакторы. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл, білімі жоғары. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған байқауларда ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен, қала әкімінің алғыс хатымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Үлкен қалалар мен астаналардың халықаралық Ассамблеясы ұйымдастырған 5-халықаралық байқаудың І-дәрежелі дипломының иегері.

 Мәкен Данагүл Әнуарбекқызы 

Желілік басылымның тілшісі, білімі жоғары. Еңбек өтілі 25 жыл. Қала әкімінің, «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен марапатталған. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған облыстық байқаудың «Үздік мақала» аталымының иегері.

   Айдын Кәлімхан                                       

Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Айдын КӘЛІМХАН. «Қазақтың үздік романы» аталымы бойынша халықаралық «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің, «Қазақстан патриоты» төс белгісінің иегері. Алғашқы еңбек жолын кәсіподақ, мәдениет салаларынан бастаған. Алматы облыстық «Алатау» газетінде тілші және әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен. Соңғы 10 жылдан бері «Талдықорған» газетінің аға тілшісі. Саладағы еңбек өтілі 25 жыл.  Облыстық, республикалық 30-дан астам жыр мүшайрасының жеңімпазы. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының арнайы Алғыс хатымен журналистер одағының, облыс және қала әкімдерінің Құрмет грамотасы әрі Алғыс хаттарымен марапатталған. «Қашқын», «Көкжал жортқан дала» романдарының, «Беу дүние» атты жыр жинағының және «Қарттарым асыл қазынам» сынды кітаптардың авторы. Бұдан сырт елімізде және шетелде жарық көрген  30-ға жуық кітапқа шығармалары енген. Бірнеше тіл жазуларын еркін меңгерген, 500-ден астам жыр толғауларды жатқа оқиды.

Аужанова Динара Бижанқызы 

Басылымның тілшісі. Білімі жоғары, жалпы еңбек өтілі 8 жыл. Облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен, Құрмет грамотасымен марапатталған. Басылымда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Сағындықов Данияр Жарылқасынұлы 

Сайттың фотограф-тілшісі. Еңбек өтілі 6 жыл. Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесі «Көшбасшы-2017» жастар сыйлығының «Үздік жас журналист» аталымының иегері. Сондай-ақ, қала әкімінің алғыс хатымен, облыстық Ішкі саясат басқармасының, облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының, облыстық Полиция және Дін істері басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.

Әділбекова Назерке Әбілғалиқызы 

Сайт тілшісі. Талдықорған қаласы әкімінің, облыстық, қалалық ішкі саясат басқармасы, Алматы облысы әкімінің орынбасарының, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының және Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының Алғыс хаттарымен марапатталған. «Талдықорған көшбасшысы» жастар сыйлығының иегері.