Әйгілі скрипкашы Талдықорғанда өнер көрсетті

214
Дереккөз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Астана қаласы мен ҚазҰӨУ-нің 20 жылдығына орай ҚР Халық әртісі, әйгілі скрипкашы Айман Мұсақожаеваның концерті өтті.

Дереккөз

Кеш барысында Волфганг Амадей Моцарт, Антонио Вивальди, Астор Пьяцола, Мануэль дэ Фалья, Камиль Сен-Санс, Пабло Де Сарасатэның шығармалары орындалды. Концертте «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі мен  «Нұр Орда» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Айта кетейік, Айман Мұсақожаева жетекшілік ететін «Солистер академиясы» камералық және симфониялық музыка орындау саласында жетекші орында.  Түрлі халықаралық фестивальдерге қатысып, Италия, Испания, Германия, Түркия, Иордания, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ сынды әлем елдерін гастрольдік сапармен аралады. Жаңа жыл қарсаңында оркестр еліміздің мәдениетін кеңінен таныстыру мақсатында Италияға жол жүрмек.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK