Астанада әлемдік Notre Dame de Paris мюзиклінің премьерасы өтті

246
дереккөз

Астанада Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі Notre Dame de Paris мюзиклiнiң қазақ тiлiндегi премьерасы ɵтті.

Дереккөз

Шараға  мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ қатысты. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында  тәуелсіз Қазақстанның мәдени тарихында әлемге әйгілі Notre Dame de Paris мюзиклінің қазақ тілінде сахналануы еліміз үшін үлкен мәртебе. Әлемдік мәдениеттің жауһарына айналған Notre Dame de Paris мюзиклі — Гиннестің рекордтар кітабына енген озық туынды. Дүниежүзі бойынша 11 миллионнан астам көрермен тамашалап үлгерген үздік шедевр әлемнің тоғыз тіліне аударылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тіліне аударған оныншы ел болып отыр”,-деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK