Талдықорғанда тұңғыш рет MMA кәсіби турнирінің промоушені аясында аралас жекпе-жек түрінен JFC (Jetysu Fighting Championship) өтеді. Аталмыш додаға еліміздің 10 әскери клубы мен 8 қаланың өкілдері қатысады. Бұл туралы бүгін Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында айтылды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жоба ұйымдастырушыларының сөзіне сүйенсек, жарыста ерлер 57, 62, 66, 71 және 77 келі салмақ дәрежесі бойынша (13 жұп) өзара мықтына анықтайды. Сонымен қатар, 57 келі салмақта әйелдері күресі де болмақ.

«Қазіргі таңда жауынгерлік жекпе-жек өте қарқынды дамып келеді. Жасөспірімдердің көбісі ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмогамедовты үлігі тұтады. Осыған қарап, бұл спорттың болашағы зор екендігін білеміз», — дейді жоба ұйымдастырушы Әлішер Қайратұлы.

Жарыс 17 желтоқсан күні «Меруерт» кешенінде (клуб «Космос») өтеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK