Тәуелсіздік – ұлы ұғым

133
Дереккөз

Кез келген қоғам үшін оның біртұтастығы, дербестігі, тәуелсіздігі маңызды болып табылады. Себебі, тәуелсіздік – ұлы ұғым. Тәуелсіздіктің қалай келгенін бәріміз білеміз. Осы жолда қаншама ата-бабаларымыз, қайсар рухты қазақ ерлері жанын қиғанын тарих беттерінен оқып, біліп жүрміз. Бүгінгі бейбіт өмір үшін бабаларымыздың алдында қарыздармыз, осыны естен шығармауымыз керек.

Әлемде соғыстан көз ашпай, халқы азып-тозып, экономикасы артта қалған қаншама мемлекет бар. Ал, біздің елімізде қой үстіне бозторғай ұялаған заман болып тұр. Осының барлығы көрегенділігі мен парасаты жарасқан Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасы.  «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деп ата-бабаларымыз тегін айтпаса керек. Ендігі мақсат – ғасырлар бойы бабалар арманы болған тәуелсіздікті қастерлеу, бағасына жету.

Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде Тәуелсіздік мерекесі өте жоғары деңгейде аталып өтіледі әрі бұл қазақстандықтардың ең сүйікті мерекелерінің бірі. Тәуелсіз елдің алдында әнімді шырқап, өз Отанымда еліміздің ең ұлы мерекесін тойлап жүрген мен бақытты адаммын!

Біз, қазақ халқының өнерлі ұл-қыздары, барша қазақстандықтарды еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміздің  іргесі берік болып,  егемендігіміз мәңгілік болсын!

Абылай Қожақов, «Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінің дәстүрлі әншісі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK