Тәуелсіздік – басты байлық

223
Дереккөз

Тәуелсіздік жайлы әңгіме қозғала қалса, желтоқсан оқиғасы еріксіз еске түседі. Бостандыққа қол созған балауыз боздақтардың ерлігі оңайлықпен ұмытыла қоймасы анық. Сондықтан болар желтоқсан айы жақындағанда көңіліме қуаныш пен қайғы  қатар ұялайды. Сол бір қасіретті күннің қасиетіне терең бойлаған сайын үлкен үміттің соңына ілескендей боламын. Баба мұратын бойына дарытқан жастардың көзсіз ерлігіне қалайша тағзым етпейсің?! Ұлттың намысы үшін алаңға шыққан олардың әрқайсысы осы күнді аңсады емес пе? Аңсап қана қоймай, ақиқат жолында жанын беруге дайын болды. Еркіндікпен астасып жатқан асқақ арманын баз біреудің аяғының астына таптатқысы келмеді. Отанды қалай сүю керектігін көрсетті бізге!
Аллаға шүкір, бүгінде бауырымыз бүтін, берекеміз бекем. Елім деп жүрегі соққан Елбасымыз бар. Еңсеміз биік, керегеміз түзу. Ана тілімізде емін-еркін тілдесе аламыз. Ата-дәстүрімізден аттап кетіп жатқанымыз жоқ. Бұдан артық не керек!? Меніңше, Тәуелсіздіктің әр күні баға жетпес байлықпен пара-пар.

Медет Тұзбаев,  
«Талдықорған әуендері»  фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінің  көркемдік жетекшісі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK