Ағымдағы жылы облыста 40 кәсіпорын жүйелі жаңартудан өтіп, соның нәтижесінде экспорттық тауар айналымы 23,5% — ға артқан. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

«2018 жылы өңірдегі отандық кәсіпорындардың тауар эспорты айтарлықтай көтерілді. Айналым көлемінің артуына себепші болған – жүргізілген базалық өзгерістермен жаңартулар. Облыста, негізінен барлығы 21 кәсіпорын өз өнімдерін экспорттайды. Алдағы уақытта, мұдай зауыттар санын ұлғайып, экономика өсімінің пайыздық шегін еселей тұсу жоспарланып отыр,- дейді өңір басшысы.

Сонымен қатар, республика бойынша барлық кәсіпорындар 10 тауар түрін импорттайды. Оның ішінде 7 өнім түрін жетісу өндірушілері шығарады. Негізінен, зауыттардың басым бөлігі азық-түлік және сусын тауарларын шығарады. Мысалы, «Фудмастер», «Адал», «Раймбек Агро», «Данон», «JLC Сүт» компанияларының сүт өнімдері бүгінде, республиканың барлық өңірлерінде үлкен сұранысқа ие.

Айта кету керек, биыл өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 870 млрд. теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 75 млрд.теңгеге көп.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK