Тәуелсіздік  күні қарсаңында Алматы облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қаскелең қаласында спорттан арнайы  жарыс  ұйымдастырды.

«Бір- команда, бір — мақсат» атты бұл сайысқа аймақтағы  Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай,  Жамбыл,  Іле аудандары мен  Талдықорған қаласынан бірнеше команда қатысты. Олар ойын ережесі бойынша волейбол, кір тасын көтеру, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, арқан тартыс сынды ойын түрлерінен сынға түсіп,  шеберлік байқасты.

«Дені саудың- жаны сау» демекші, мақсатымыз – бұқаралық спортты дамытып,  көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға шақыру деген аймақтағы филиал директоры Ермек Бекжүнісов жалпы қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен әр ойын түрі бойынша әріптестер арасындағы жарыс тартымды да тартысты өтіп, жүзден жүйірік, мыңнан тұлпар шыққандар анықталды. Атап айтқанда,  көптің делебесін қоздырған волейбол ойынында талдықорғандықтар алдына жан салмастан бас жүлдені еншілесе, арқан тартыста қарасайлықтардың күшіне ешкім төтеп бермеді. Жамбыл ауданының шабандоздары  2-орынға  табан тіреп, 3-+орын жүлдесін  талғарлықтар қанжығалап қайтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK